«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ (әрі қарай – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 мамырдан 2026 жылғы 23 маусым аралығында Департаменттің қызметіндегі келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:
Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі - 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.