Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырады.
Жер ресурстары мемлекеттің стратегиялық маңызды активтеріне жатады, ал жер учаскелерін беру, алып қою, қайта бөлу және нысаналы мақсатын өзгерту бөлігінде мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей әсер етеді.
Заңдылықты, ашықтықты және есептілікті қамтамасыз ету мақсатында Комитет: мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу; жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру; адам факторының ықпалын төмендетуге бағытталған цифрлық құралдар мен автоматтандырылған рәсімдерді енгізу және дамыту; мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және қызметтік әдеп талаптары; қызметкерлер арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу; уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенін іске асырады.
Мүдделер қақтығысының алдын алу, жер ресурстарына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жер учаскелеріне билік ету кезінде заңсыз шешімдерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Жер ресурстарын басқару Комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жер қатынастарының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі ретінде қарастыра отырып, заңдылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады.