Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы Шарбақты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ХАБАРЛАМА)

               2026 жылғы «02» ақпанда сағат «10:00»-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі жер комиссиясының отырысы өткізіледі (Бұдан әрі- Конкурс). Конкурс мына мекенжайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51, «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ.

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

Лот

тың №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (бонитет балы, жалпы алаңы, алқаптардың құрамы)

Жалдау мерзімі жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Сумен қамтамасыз етілуі

1

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 102,2000 га, соның ішінде 101,8000 га жайылым,0,4 га басқа жерлер.

15 жыл

Жылы-Бұлақ ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

2

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 102,0893 га, соның ішінде 101,7893 га жайылым, 0,3 га басқа жерлер.

15 жыл

Жылы-Бұлақ ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

3

Бонитет балы 11. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 100,4056  га, соның ішінде 100,4056 га т.ж. жайылым.

15 жыл

Жылы-Бұлақ ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

4

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 381,5831 га, соның ішінде 380,3831 га егістік,  га басқа жерлер.

15 жыл

Сосновка ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

5

Бонитет балы 11. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 287,3333 га, соның ішінде 285,5333 га жайылым, 1,8 га далалық жолдар.

15 жыл

Галкино ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

6

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 104,1483 га, соның ішінде 104,1483 га жайылым.

15 жыл

Галкино ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

7

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 269,9893 га, соның ішінде 268,8893 га жайылым, 1,1 басқа жерлер.

15 жыл

Галкино ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

8

Бонитет балы 11. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 151,0919 га, соның ішінде 151,0919 га жайылым.

15 жыл

Галкино ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

9

Бонитет балы 11. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 96,0199 га, соның ішінде 95,9199 га т.ж. жайылым. 0,1 га басқа жерлер.

15 жыл

Галкино ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

10

Бонитет балы 13,5. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 394,4636 га,соның ішінде 393,9636  га егістік, 0,5 га басқа жерлер.

15 жыл

Александровка ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

11

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 276,8590 га,соның ішінде 276,3590 га егістік, 0,5 га басқа жерлер.

15 жыл

Александровка ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

12

Бонитет балы 13. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 500,0000 га,соның ішінде 499,0000 га егістік, 1,0 га басқа жерлер.

15 жыл

Александровка ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

13

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 100,1599 га,соның ішінде 99,7099  га жайылым, 0,45 га басқа жерлер.

15 жыл

Александровка ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

14

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 118,5246 га,соның ішінде 117,6246  га жайылым, 0,9 га басқа жерлер.

15 жыл

Александровка ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

15

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 152,6606 га,соның ішінде 152,6606  га егістік

15 жыл

Шарбақты ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

16

Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 124,2 га,соның ішінде 124,1  га егістік, 0,1 га жолдар.

15 жыл

Шарбақты ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

17

Бонитет балы 11. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 197,8786 га,соның ішінде 197,5786 га жайылым, 0,3 га басқа жерлер.

15 жыл

Шарбақты ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

жоқ

Жалпы алаңы 3459,6070 га, оның ішінде жайылымдар - 1624,4907  га, егістік - 1826,4663  га, басқа жерлер – 6,3500 га, далалық жолдар – 2,2000, жолдар – 0,1 га

             

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы «12» қантардан бастап «30» қантарды қоса алғанда жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Өткізілетін Конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 баптың 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім (Бұдан әрі - Өтінім) қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына (Бұдан әрі - Шарт) қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.

Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, Конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, Конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде жазба көрсетіледі «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы «02» ақпанға дейін ашуға болмайды» деген жазба көрсетіледі.

Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін қатысушы өзі енгізген конкурстық өтінімді өзгерте немесе қайтара алады. Өзгерістер конкурстық өтінімнің әзірленуі сияқты, жабылуға және табыс етілуге тиіс. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы ескерту, егер оны ауданның ЖАО конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады. Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынғаннан конкурстық өтінімдерге ешқандай өзгеріс енгізуге болмайды.

Конкурстың қорытындылары Қонкурсқа қатысуға Өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.

Конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Шартына қол қою үшін Шарбақты ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келуге міндетті. Шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпазы бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.

Конкурс бойынша толық ақпаратты «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға болады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57 «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады, тел. 8-718-36-2-16-51.

Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 декабря 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы