Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

 

 

 СОЗАҚ АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабтың 21-22 тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын 64 (алпыс төрт) лот  бойынша қайта өткізілетінін хабарлайды.

Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.

Конкурс өткізілетін күні және орны: 2025 жылы 16 қаңтар сағ 10 - де. Созақ ауданы, Жібек жолы көшесі №14 үй, аудан әкімі аппараты ғимараты, екінші қабат, кіші залында өтеді. Қосымша ақпаратты 8(72546) 4-27-69 телефоны арқылы білуге болады.

Конкурсқа өтінімдері беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2025 жылдың                                      29 желтоқсанынан –15 қаңтарына дейін (15.01.2026 жыл сағ: 1600 - де аяқталады). Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №40 үй, «Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы                            20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы                 26 тамыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы     28 тамызда №36716 болып тіркелген) (ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап қолданыста) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жер учаскесін алуға үміткерлерді бағалаудың бұрынғы тәсілі қайта қаралып, жаңа өлшемшарттар жүйесі бекітілді. Енді конкурстық ұсыныстар әлеуетті жер пайдаланушылардың кешенді тиімділігін ескеруге мүмкіндік беретін бірқатар негізгі өлшемшарттар бойынша бағаланатын болады:

- жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі;

- ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың болуы;

- ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы;

- ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы;

   - аквашаруашылық өсірудің болжамды көлемі (аквашурашылықты жүргізу жөніндегі жобалар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін берген жағдайда).

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

1.Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі-Жер кодексі) 14-бабы 1-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалу (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.

2.«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) нормаларының қолданылуы кезеңінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңдытұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беруге рұқсат етілмейді.

3.Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру тәртібі мен рәсімі Заңмен көзделген ережелер мен шетеулерді ескере отырып, осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

4.Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

  1. тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1) жер комиссиясы – облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің ( елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға арналған алқалы орган.

2) конкурс – жер учаскелерін пайдаланудың неғұрлым қолайлы шартарын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға оларды уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру нысаны.

3) қатысушы – шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары.

4) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттері, орналасқан жері, рельефі, климаты, табиғи-тарихы, экологиялық және басқа ерекшеліктері) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын, ауыл шаруашылығы жері аумағының жақын перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат.

5) уәкілетті орган – Жер кодексінің 14-1-бабында белгіленген құзыреті шегінде аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган.

  1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшінуақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру Жер кодексінің 43-1-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс (бұдан әрі-конкурс) негізінде жүзеге асырылады.
  2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың конкурсты ұйымдастыруы мен өткізуі мынандай тәртіппен жүзеге асырылады.

1) жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесін қалыптастыруды, келісуді және бекітуді жүзеге асырады. Бұл ретте, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін одан әрі қалыптастыру, келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет жүргізіледі (бос жер учаскелері болған жағдайда).

           2) конкурсқа шығару үшін тізбеге енгізілген жер учаскелеріне қатысты жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу.

         3) конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ өз интернет-ресурсында жариялау және оны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың басқа жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберу, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру.

           4) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу.

           5) конкурстың қорытындысын шығару.

  1.   Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

           1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім.

2) конкурстық ұсыныс.

  1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда – күнтізбелік он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда – он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
  2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "
  3. Аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны).

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер.

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасы қағидаларын Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі қамтылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

12-1. Аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурстық ұсыныста (бұдан әрі – конкурстық ұсыныс):

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, тиісті инфрақұрылымның және аквашаруашылықты жүргізуге арналған жабдықтардың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың біліктілігі, ашылатын жұмыс орындарының санының болуы).

2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамысының талаптарын орындау бойынша міндеттемелер қамтылады.

12-2. Өтінім беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
  2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
  3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «______» жылғы _________«________» дейін ашуға болмайды (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
  4. Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
  5. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
  6. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  7. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Жер комиссиясының отырысы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес комиссияның отырысын аудио-бейнежазба құралдарымен тіркеуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

  1. Жер комиссиясының хатшысы жер комиссиясының мүшелеріне әрбір қатысушының атауын, оның өтінімінің және конкурстық ұсынысының мазмұнын жариялайды.
  2. Өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімі бойынша жер комиссиясының хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған жер комиссиясының төрағасы, оның мүшелері және хатшысы қол қояды.
  3. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

мынадай редакцияда жазылсын: 23-тармақ

  1. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

1) жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

4) технологиялық жабдықтың болуы:

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

  • 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
  • аквашаруашылық объектісін өсірудің болжамды көлемі, тонна:
  • балық шаруашылығы немесе аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың болуы:
  • ашылатын жұмыс орындарының болуы:

23-2. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына

қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.

  1. Ең жоғарғы балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

        жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

         өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

         конкурстық ұсыныс;

        өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және 16.01.2026 жылғы сағ 1000- ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

              Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 16.01.2026 жыл.

 

 

Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 43-1-бабтың 21-22 тармақшасына сәйкес Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсты қайта жариялайды. Конкурс арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің ТІЗБЕСІ:

Жер учаскесінің

Лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлемі, (га)

 

Ауыл округі

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалға беру мерзімі, жыл

1.       

Жайылым

2500

Шолаққорған

мал шаруашылығы

10

2.       

жайылым

500

Жуантөбе

мал шаруашылығы

10

3.       

Суармалы егістік

40

Құмкент

егін шаруашылығы

10

4.       

Суармалы егістік

41

Құмкент

мал шаруашылығы

10

5.       

жайылым

1000

Шу

егін шаруашылығы

10

6.       

жайылым

1000

Шу

мал шаруашылығы

10

7.       

жайылым

1200

Шу

мал шаруашылығы

10

8.       

жайылым

400

Шолаққорған

Бетпақдала

мал шаруашылығы

10

9.       

жайылым

400

Шолаққорған

Бетпақдала

мал шаруашылығы

10

10.    

Суармалы егістік

6,5

Шолаққорған

егін шаруашылығы

10

11.    

Суармалы егістік

3,3

Шолаққорған

егін шаруашылығы

10

12.    

Суармалы егістік

17

Құмкент

егін шаруашылығы

10

13.    

Суармалы егістік

15

Созақ

егін шаруашылығы

10

14.    

Жайылым

50

Құмкент

мал шаруашылығы

10

15.    

Суармалы егістік

10

Құмкент

мал шаруашылығы

10

16.    

Жайылым

250

Сызған

мал шаруашылығы

10

17.    

Жайылым

512

Созақ

мал шаруашылығы

10

18.    

Жайылым

3500

Қаратау

мал шаруашылығы

10

19.    

Суармалы егістік

25

Сызған

егін шаруашылығы

10

20.    

Жайылым

 

 

525

 

Шолаққорған

мал шаруашылығы

10

21.    

Жайылым

 

 

1170

 

Шолаққорған

мал шаруашылығы

10

22.    

Жайылым

200

Созақ

мал шаруашылығы

10

23.    

Суармалы егістік

15

Сызған

егін шаруашылығы

10

24.    

жайылым

50

 

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

25.    

жайылым

50

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

26.    

жайылым

200

Жуантөбе

мал шаруашылығы

10

27.    

жайылым

300

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

28.    

жайылым

418

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

29.    

Тәлімі егістік

99

Құмкент

егін шаруашылығы

10

30.    

жайылым

500

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

31.    

жайылым

600

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

32.    

жайылым

1550

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

33.    

жайылым

1900

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

34.    

Балық шаруашылығы

5

Қарақұр

Балық шаруашылығы

10

35.    

Жайылым

434

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

36.    

Сурамалы егістік

7

Сызған

егін шаруашылығы

10

37.    

жайылым

2000

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

38.    

жайылым

500

Қаратау

мал шаруашылығы

10

39.    

жайылым

1000

Қаратау

мал шаруашылығы

10

40.    

жайылым

680

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

41.    

жайылым

1680

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

42.    

жайылым

1060

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

43.    

жайылым

1600

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

44.    

жайылым

350

Сызған

мал шаруашылығы

10

45.    

жайылым

1000

Қаратау

мал шаруашылығы

10

46.    

жайылым

1785

Жартытөбе

мал шаруашылығы

10

47.    

жайылым

844

Жартытөбе

мал шаруашылығы

10

48.    

жайылым

5000

Қаратау

мал шаруашылығы

10

49.    

Суармалы жер

4

Созақ

егін шаруашылығы

10

50.    

жайылым

1800

Шолаққорған

мал шаруашылығы

10

51.    

Суармалы

егістік

4,2

Жартытөбе

егін шаруашылығы

10

52.    

Суармалы

егістік

9

Созақ

егін шаруашылығы

10

53.    

Суармалы

егістік

5

Созақ

егін шаруашылығы

10

54.    

жайылым

2000

Жуантөбе

мал шаруашылығы

10

55.    

жайылым

50

Шолаққорған

мал шаруашылығы

10

56.    

суармалы жер

20

Қарақұр

егін шаруашылығы

10

57.    

жайылым

1270

Созақ

мал шаруашылығы

10

58.    

егістік

3

Құмкент

 

10

59.    

Суармалы егістік

2,5

Созақ

егін шаруашылығы

10

60.    

жайылым

1542

Қарақұр

мал шаруашылығы

10

61.    

жайылым

1500

Қарқұр

мал шаруашылығы

10

62.    

жайылым

600

Қаратау

мал шаруашылығы

10

63.    

Суармалы егістік

447

Жартытөбе

егіншаруашылығы

10

64.    

жайылым

1200

Сызған

мал шаруашылығы

10

               Суармалы егістік 674,5 га, балық шаруашылығы 5 га, тәліми егістік 99га  жайылым 46670  га: Барлығы 47448,5  га

Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 43-1 бабының 6-тармағына сәйкес, ауданның, облыстың маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау және тіркеу-өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Жер кодесінің 43-1 бабының

9- тармағына сәйкес;

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім нысаны

 (жеке тұлғалар үшін)

    (Кімге) _«Созақ ауданы әкімдігінің  жер қатынастары бөлімі» ММ

                                           (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

             ____________________________________________________________________ 
    

    (Кімнен) ___________________________________________________________________
                                                       (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты )

Конкурсқа қатысу үшін өтінім 
 (жеке тұлғалар үшін)

     Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы 
мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсты жүргізу 
туралы Конкурстық құжаттаманы қарастырып, 
Аты – жөні ____________________________________________________________________ 
Тұрғылықты жері _________________________________________________________________ 

Азаматтығы________________________________ЖСН________________________________ 
                        

Жеке куәлік нөмірі_________________________Берілген уақыты_____________________________

Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері: 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________

___________________________________________________________________ 
                             (лоттардың толық сипаттамасы)

 

                      Осы  конкурстық құжаттама мыналардан тұрады: 

1._________________________________________________________________ 
2._________________________________________________________________ 
3._________________________________________________________________ 
4._________________________________________________________________ 
5. _________________________________________________________________

  1. _________________________________________________________________
  2. _________________________________________________________________
  3. _________________________________________________________________
  4. _________________________________________________________________ 

10.________________________________________________________________

 

      Біз сіздің Конкурстық құжатта көрсетілген конкурстық  шарттарыңызбен келісеміз.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін.

__________________               ____________________________ 
         (қолы)                                                                                              (қызметі, аты-жөні)     М.О.

 

________________________(күні, айы, жылы)

 

Жер кодесінің 43-1 бабының

9- тармағына сәйкес;

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшiн)

(Кiмге)    «Созақ ауданы әкімдігінің  жер қатынастары бөлімі» ММ

_____________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

(Кiмнен)_____________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы)

__________________________________________________________________________________
Осы өтініммен _____________________________________________________________________________

(жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі)

_____________________________________________________________________________________

жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа конкурстық құжаттама мен хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін.

Осы конкурстық өтінімге қоса тіркеледі:

  1. _________________________________________________________________________

(заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер)

  1. __________________________________________________________________________

(жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып,

өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер)

  1. ___________________________________________________________________________

(өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер)

            4.____________________________________________________________________________

(конкурстық ұсыныс)

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін.

 

Заңды тұлға үшін:

__________________                                            ____________________________
          (қолы)                                                                       (қызметi, аты-жөнi)

М.О.

 

 

Дата публикации
25 ноября 2025
Дата обновления
25 ноября 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы