Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы, Сарысу ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  

       2025 жылдың 21 қараша  күні  Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

       Өтінімдерді қабылдау  2025 жылғы 31 қазаннан  бастап 2025 жылдың   20 қарашасына      дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Өтінім құжаттарын ашу рәсімі 2025 жылдың  21  қараша  күні  сағат 11- 00-де  мына мекен жайда: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан № 25 мекен-жайда  Салық комитеті орналасқан ғимараттағы  Кәсіпкерлік Палатасының   мәжіліс залында  өтеді.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы берілетін жер учаскелерінің тізімі

 

Лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы көлемі, га

  Егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық

Бөгде жерлер 

суармалы

тәлімді

1

«Байқадам» босалқы жерінен  

5,0060

5,0060

 

 

 

 

 

2.

«Байқадам» босалқы жерінен  

4,8370

4,8370

 

 

 

 

 

3

«Игілік» босалқы жері

 

171,1204

 

 

 

171,1204

 

 

4

Жанатас босалқы жері

 

200,0

 

 

 

200,0

 

 

5

Жанатас босалқы жері

 

214,0233

 

 

 

214,0233

 

 

6

Жанатас босалқы жері

 

200,0

 

 

 

200,0

 

 

7

Жанатас босалқы жері

2000,0

 

 

 

2000,0

 

 

8

Қамқалы жер қорынан

370,4889

 

 

 

370,4889

 

 

9

Игілік босалқы жері

200,0

 

 

 

200,0

 

 

10

Байқадам босалқы жері

177,0

 

 

 

177,0

 

 

11

Игілік босалқы жерінен

300,0

 

 

 

300,0

 

 

12

Қамқалы босалқы жері

150,0

 

 

 

150,0

 

 

13

Игілік  жер қоры

583,81

 

 

 

483,8149

 100,0

 

 

 

 

  4576,2856

 9,843

 

 

 4466,4426

100,0

 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге жол берілмейді.

  1. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) Конкурсқа қатысуға арналған  өтінім;

2) Конкурстық ұсыныс;

2.Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда –күнтізбелік он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда - он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі..

4.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағында көрсетілген  мәліметтер қамтылуы тиісті.

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп- өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және  игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

      Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

6.Өтінімде және конкурстық  ұсыныста  қатысушыға грамматикалық  және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер,өшіруле немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

7.Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын , ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану( жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «  2025 жылғы   21 қарашаға   дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

  1. Жер кодексінің 43-1 бабы 9 тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қонкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
  2. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады.Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

10.Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

11.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Конкурсқа байланысты деректерді Жамбыл  облысы,Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, №25 ғимаратында орналасқан «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.Байланыс телефоны: 8 (726-34) 6-17-37, 6-31-39

 

Дата публикации
20 октября 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы