Меню

Страницы

Статья

Жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудың негізгі мәселелердің бірі

Қазіргі кезеңде жер ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудың негізгі мәселелерінің біріне айналуда.

2023-2024 жылдар аралығындағы талдау нәтижесі жерді пайдалану мен қорғау саласы әртүрлі құқық бұзушылық түрлерінің, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың объектісі болып табылатынын көрсетті.

Бүгінгі күні, жер саласына қатысты заңсыз әрекеттерге жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары жиі тартылуда.

Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық департаменттерін айналып өтпеді.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 26 маусымдағы Түркістан қалалық сотының үкімімен Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Алтынбек Абдикаимулы Мырзаев өзінің қызмет бабын пайдалануымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде бірнеше рет пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 8 (сегіз) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сондай ақ, аталған сот үкімімен осы департаменттің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Бекжан Көмешбайұлы Жетпісов ірі мөлшерде пара бергені үшін кінәлі деп танылып 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Одан бөлек, жемқорлық құқық бұзушылық фактілері Павлодар, Атырау, Алматы облыстарының және Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменттерінде орын алған.

Өз кезегінде, Жер ресурстарын басқару комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Атап айтқанда:

-        жер учаскелерін берудің ашықтығы жөнінде заңнамалық актілерді әзірлеу және қабылдау;

-        аумақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;

-        мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын арттыру, мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде бейнетіркегіштерді енгізу;

-        жүйелі түрде Жер ресурстарын басқрау комитетінде және оның аумақтық департаменттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және оны жоюға қатысты жиналыстар өткізілген.

Бұдан бөлек, Жер ресурстарын басқрау комитетімен және оның аумақтық департаменттерімен тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар, семинар-кеңестер өткізілуде.

2024 жылғы 23 ақпандағы Ауыл шаруашылығы министрі                                А.С. Сапаровпен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шара жоспарын орындау мақсатында Жер ресурстарын басқрау комитетінің аумақтық департаменттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 11 департаментте өткізіліп, 7 департаментте жылдың соңына дейін аяқталу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жер ресурстарын басқрау комитетіне бағынысты Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы ереже және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың ішкі жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес төмендегі іс шаралар бекітілді:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты;

2) мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл жөніндегі Нұсқаулық;

4) ішкі аудит;

5) басшылық тарапынан талдау;

6) сәйкессіздіктер және түзету әрекетері;

7) ұйымның контексті;

8) жедел желі;

9) қызметтік тергеу жүргізу ережелері бекітілді.

Сондай-ақ 2024 жылы 28 қазанда № 353-Ө АШАІМИ» РМК директорының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту туралы» бұйрығы бекітілді.

Бүгінгі күнге Кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2024 жылғы 11 қараша – 13 желтоқсан аралығы.

Менеджмент жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартының және ҚР СТ ISO 37001 ұлттық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит жүргізу (ISO 37001 сертификат) сертификаты алынды.

Сол сияқты, Жер ресурстарын басқрау комитетіне бағынысты «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (ЖерЗЖМИ» РМК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кызметі туралы ережесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі іс-шаралардың ішкі жоспары бекітілді.

Менеджмент жүйесінің: ISO- 37001:2016- халықаралық, стандартының және ҚР CT ISO-37001 ұлттық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық-аудит жүргізу (ISO 37001-сертификатын алу) бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Жер ресурстарын басқару комитеті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша 2023 жылғы 16 тамыздағы жол картасы жасалып, бекітілді.

2024 жылдың 09 желтоқсанында Жер ресурстарын басқару комитеттің өкілдері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің превенция қызметімен бәрлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңестің қортындысы бойынша жол картасының 58 тармағы орындалды деп қабылданды, 32 тармағы толық іске асырылғанға дейін мониторингке қабылданды.

Жер ресурстарын басқару комитетімен атқарылған жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге ықпал ететініне сенімдіміз.

Дата публикации
13 декабря 2024
Дата обновления
13 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы