Ақпараттық хабарлама
Федоров ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, 2020 жылғы 22 қыркүйекте сағат 09.00-де Қостанай облысы, Федоров ауданы,Федоров ауылы, Жастар көшесі, 53 үй (1-қабат, акт залы) мекенжай бойынша өткізеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде 2020 жылғы 01 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін (қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53 үй (2-қабат) мекенжайы бойынша «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз тасығышта қолма-қол не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер бойынша конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі.
Конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
|
Лот №
|
Орналасқан жері |
Көлемі, га |
Алқаптардың құрамы |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Бонитет балы |
Суқамтамасыздығы |
Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы |
Жалдау мерзімі, жыл |
|
|
Егістік, га |
Жайылымдар, га |
||||||||
|
1 |
Қосарал а/о (№ 26 алқаб) |
67,3 |
|
66,7 |
Кәдімгі қара топырақ |
50 |
жоқ |
мал шаруашылығы |
48 |
|
2 |
Первомай а/о (№ 33 алқаб) |
54,9 |
41,6 |
11,5 |
Кәдімгі қара топырақ |
45 |
жоқ |
егіншілік шаруашылығы |
48 |
|
3 |
Первомай а/о (№ 8, 9 алқаб) |
102,9 |
|
102,8 |
Кәдімгі қара топырақ |
36 |
жоқ |
мал шаруашылығы |
48 |
|
4 |
Первомай а/о (№ 72 алқаб) |
42 |
42 |
|
Оңтүстік қара топырақ |
35 |
жоқ |
егіншілік шаруашылығы |
48 |
|
5 |
Первомай а/о (№ 30 алқаб) |
40,5 |
|
40,3 |
Оңтүстік қара топырақ |
48 |
бар |
мал шаруашылығы |
48 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
307,6 |
83,6 |
221,3 |
|
|
|
|
|
Конкурстық құжаттама туралы ақпаратты http://fedorovka.kostanay.gov.kz/ сайтта алуға болады. Анықтама үшін телефон 8 (71442) 2-18-76.