Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ       10 жыл мерзімге  мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама)   бірінші   жариялымынан   күнтізбелік  отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс  күн  ішінде  осы  конкурсқа қатысуға  өтінімдер қабылданады. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2020 жылдың 21 қыркүйегі бойынша өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197,  3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша  Тайынша  ауданы  әкімдігінің  ғимаратында     2020 жылдың  22 қыркүйегінде  10 сағат  00 минутта конкурстың нәтижелері  шығарылады.

Конкурстың шарттары :

ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер комиссиясы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі  конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім  берушіге  хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы конкурстық ұсынымды беру жағдайларынан басқа,  нөмірленген беттерімен тігілген түрде «2020 жылдың 22 қыркүйегіне»; дейін ашылмасын» жазбасы көрсетілген, жабық конвертте ұсынылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім талаптарға сәйкес келмесе,  қабылдамай алып тастауға жатады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді  және  қосымша  ақпаратты Тайынша ауданы  әкімінің  www.tsh.sko.gov.kz,   «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ   www.ozo-tsh.sko.kz   сайтында  немесе       8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады. 

 

Лот №

Жер телімінің қысқаша сипаттамасы

алаңы га

мөлшерленген орташа бонитет баллы

Жер телімінің орналасқан жері

1

Табиғи жайылым.:  егіс даласы №5-181 га,  3 мол – 363 га,  жолдар - 1 га, басқа - 1 га

548

19,0

Тихоокеан ауылдық округі

2

Табиғи жайылым.:  егіс даласы №6-245 га,   егіс даласы №7 – 279 га, егіс даласы 2 шаб. - 63 га, инд.ск- 78 га, су асты- 11 га, жолдар - 2 га, басқа - 1 га

679

19

Тихоокеан ауылдық округі

3

Табиғи жайылым.:  егіс даласы №4-1 – 75 га,  4-2 – 112 га, егіс даласы №2-1 – 32 га, егіс даласы №2-2 – 68 га, 1-2 – 93 га, инд.ск- 8 га, егіс даласы №1-1 – 65 га, егіс даласы №1шаб. -247 га, егіс даласы 2 шаб. -193 га, су асты- 19 га, жолдар - 3 га, басқа - 42 га

957

19

Тихоокеан ауылдық округі

4

Табиғи жайылым.:  егіс даласы №8-387 гажолдар - 1 га

388

19,0

Тихоокеан ауылдық округі

5

Табиғи жайылым.: егіс даласы №1 -160 га, жолдар - 1 га

161

 

24,5

Тихоокеан ауылдық округі

6

Табиғи жайылым.: егіс даласы №шаб.1, шаб.10 - 30 га, егіс даласы №10-2 – 121 га, бұтақтар – 20 га, жолдар -1 га

172

 

 

37,9

Тихоокеан ауылдық округі

7

Табиғи жайылым.: егіс даласы №1 -  27 га, егіс даласы №2 - 144 га, егіс даласы №3-4, 3-3 – 36  га, егіс даласы №3-2 – 5 га, егіс даласы №3-1-62 га,  жолдар 1 га,

275

 

30,5

Тихоокеан ауылдық округі

8

Табиғи жайылым.: егіс даласы №13-3-501 г,  жолдар-1 га.

502

 

28,8

Тихоокеан ауылдық округі

9

Табиғи жайылым.: гу -53 га, гу-4 – 21 га, 74, су асты – 1 га, жолдар – 1 га

76

17,1

Тихоокеан ауылдық округі

10

Тыңайма: жолдар №52-16 га, табиғи жайылым.: егіс даласы №19-1 – 5 га, Г7-1 - 141 га, жолдар -1 га

163

 

23,2

Тихоокеан ауылдық округі

11

Тыңайма: егіс даласы №35 – 160 га, жолдар- 1га

161

38,6

Тихоокеан ауылдық округі

12

Тыңайма: егіс даласы №1-1 – 86 га, жақсарт. жайылым.: егіс даласы №3-1-48 га

134

58,5

Тихоокеан ауылдық округі

13

Егістік: егістік- №47-25 га

25

53,2

Тихоокеан ауылдық округі

14

Егістік: егіс даласы-№59-2 -64 га, орман жолақтары-2 га

66

62,0

Тихоокеан ауылдық округі

15

Егістік: егіс даласы -№57 - 42 га

42

59,2

Тихоокеан ауылдық округі

16

Тыңайма: егіс даласы - №34-3 - 22 га, Табиғи жайылым.:  шаб. – 1 га

23

 

60,1

Летовочный ауылдық округі

17

Тыңайма: егіс даласы - №8-1 -  46 га

46

55,5

Летовочный ауылдық округі

18

Тыңайма: егіс даласы - №16-2 - 38 га, Табиғи жайылым.:  шаб. - 10 га

48

 

54,8

Летовочный ауылдық округі

19

Тыңайма: егіс даласы - №24-1, 24-2 - 180 га,табиғи жайылым:   егіс даласы 8-2 – 44 га, шаб.-19  га, жолдар-1  га

244

 

 

51,8

Летовочный ауылдық округі

20

Табиғи жайылым: шаб.- 6 га,  жақсарт.жайылым -  130 га

136

52,1

Летовочный ауылдық округі

21

Тыңайма: егіс даласы - №34-2- 16 га, табиғи жайылым:  шаб. - 1

17

60,1

Летовочный ауылдық округі

22

Тыңайма: егіс даласы - №32-1 - 135 га, табиғи жайылым:  шаб. - 5 га, батпақ- 1 га

141

 

55,0

Летовочный ауылдық округі

23

Табиғи жайылым.: 346 га, бұталы жер- 5 га, бөгет тер-4 га, жолдар – 3 га

358

 

4,7

Летовочный ауылдық округі

24

Табиғи жайылым.: 359 га, бұталы жер- 5 га, бөгет тер-2 га, жолдар – 2 га

368

4,7

Летовочный ауылдық округі

25

Табиғи жайылым.: 295 га, басқа – 4 га, жолдар – 1 га

300

4,7

Летовочный ауылдық округі

26

Жақсарт.жайылым: егіс даласы- № 6-2 – 155 га, №6-4 – 30га,  табиғи жайылым:  шаб. 1– 10 га, кос 2 – 2 га, басқа-1 га

198

 

 

24,6

 

Летовочный ауылдық округі

27

Тыңайма: егіс даласы - №36-1 – 19 га, табиғи жайылым:  №13-2-2- 100 га, №13-3-2 - 83 га, № Г4 – 145 га, Г5- 403 га, 11 шаб. – 5 га, батпақ – 22 га,  су асты -185 га, соның ішінде өзендер- 185 га, жолдар– 3 га. .

965

14,0

Летовочный ауылдық округі

28

Егістік: егіс даласы № 12 – 104 га

104

45,0

Донецк ауылдық округі

29

Егістік: егіс даласы №12 – 55 га

55

45,0

Донецк ауылдық округі

30

Тыңайма: егіс даласы №28-2- 133 га, жолдар - 1 га

 134

54,0

Донецк ауылдық округі

31

Табиғи жайылым.: егіс даласы №Г-1 – 413 га, жақсарт.жайылым: егіс даласы- №10-2 – 147 га, 18-1 – 157 га, 9-2-2 – 229 га, 7-2-2 – 147 га, жолдар– 8 га, басқа – 1 га

1102

18,4

Тихоокеан ауылдық округі

32

Жайылым: егіс даласы №1-101 га,  №2 - 99 га,  №14-1,2 – 111 га, №4 – 101 га, басқа – 78 га, жолдар- 1 га

491

3,3

Чермошнян ауылдық округі

33

Жайылым: егіс даласы №Г-5-2 – 229 га,    су асты 1 га,  жолдар - 1 га

231

2,2

Чермошнян ауылдық округі

 

Барлығы: 9176 га, соның ішінде 1141 га егістік, 7748 га жайылымдар

 

 

 

 

Дата публикации
30 июля 2020
Дата обновления
30 июля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы