Сайрам ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру жөніндегі конкурсы қайта өткізіледі
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін жалға беру конкурсын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.
Конкурсқа өтінімдерді беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2024 жылдың 15 қаңтар - 2 ақпан аралығы (02.02.2024 жыл сағ: 1800 - де аяқталады). Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі, Ақсу елді мекені, Абылайхан көшесі №66 үй, «Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және 05.02.2024 жылғы сағ 1000- ге дейін ашуға болмайды" деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 05.02.2024 жыл.
|
|
Конкурс негізінде жалға берілетін жер учаскелерінің ТІЗБЕСІ
|
Жер учаскесінің Лот № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы |
Көлемі, (га) |
Жалға беру мерзімі, жыл |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Бонитет балы |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Ауыл округі |
|
1. |
суармайтын егістік |
2,0 |
10 |
Сұр-қоңыр сазды топырақ |
24,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарамұрт а/о, 076 орам |
|
2. |
суармалы егістік |
1,0 |
10 |
Шалғынды суармалы сазды топырақ
|
48,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Көлкент а/о,007 орам |
|
3. |
суармалы егістік |
9,0 |
10 |
Кәдімгі сиероземдер, суармалы сазды топырақ
|
46,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қайнарбұлақ а/о, 219 орам |
|
4. |
суарылмайтын егістік |
11,0 |
10 |
сұр-қоңыр ауыр сазды – 1,10 га; б) сұр-қоңыр шайылған ауыр сазды – 1,10 га; в) сұр-қоңыр ауыр сазды сұр-қоңыр аздап шайылған ауыр сазды 10-30%-ға дейін -8,80 га;
|
28,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о, 182 орам |
|
5. |
суарылмайтын егістік |
4,9 |
10 |
Сұр-қоңыр ауыр сазды, сұр-қоңыр ауыр сазды 10-30% дейін топырақ
|
29,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о,068 орам |
|
6. |
суарылмайтын егістік |
3,0 |
10 |
Сұр-қоңыр ауыр сазды, сұр-қоңыр аздап шайылған ауыр сазды 10-30% дейін топырақ
|
30,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о, 182 орам |
|
7. |
суарылмайтын егістік |
3,8 |
10 |
Сұр-қоңыр ауыр сазды, сұр-қоңыр аздап шайылған ауыр сазды 10-30% дейін топырақ
|
30,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о, 182 орам |
|
8. |
суарылмайтын егістік |
4,4 |
10 |
Кәдімгі сиэроземдер, ауыр саздылар топырақ
|
15,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о, 057 орам |
|
9. |
суармалы егістік |
2,6 |
10 |
Кәдімгі сиэроземдер, ауыр сазды топырақ
|
27,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о, 057 орам |
|
10. |
суармалы егістік |
2,0 |
10 |
Кәдімгі сиероземдер, суармалы сазды топырақ |
32,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о, 057 орам |
|
11. |
суармалы егістік |
1,0 |
10 |
Кәдімгі сиероземдер, суармалы сазды топырақ
|
29,0 |
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін |
Қарасу а/о, 057 орам |
|
Барлығы:49,2 га. Оның ішінде: суармалы егістік 16,6 га, суарылмайтын егістік 32,6 га Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 43-1 бабының 6-тармағына сәйкес, ауданның, облыстың маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау және тіркеу-өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
|
|