Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысы Сатпаев қаласында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Ұлытау облысы Cәтбаев қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ( жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылы 19 ақпанда   Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108, мекенжайы бойынша орналасқан, «Сәтбаев қаласының әкім аппараты»  ММ әкімшілік ғимаратының үлкен   залында сағат 15-00-де, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
    2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108,  (1-ші этаж, 1 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не  2024 жылдың 29 қаңтар айынан 2024 жылдың 16 ақпан сағат 12:00-ге дейін  жүзеге асырылатын болады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

 

 Келесі  жер  учаскелері конкурсқа  шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:

 

 

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

      Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

  

               Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

 

Қосымша ақпаратты Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108, мекенжайы бойынша орналасқан, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  ММ  білуге болады.Телефондар: 8 (71063) 38469 , электрондық мекенжайы: zher_saulet.satbaev@mail.ru

 

№№ п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (селолық округтен шалғай, орташа қашықтық, км

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

 

Жер көлемі (га)

 

Сату объектісі

(заң түрі)

 

Жалдау мерзімі, жыл

 

Облыстың ауыл шаруашылығының мамандануы

 

Жер құрамы, га,

Олардың ішінен:

 

Топырақтың сапалық сипаттамасы, (бонитет баллы)

 

Сумен қамтамасыз ету

мән

 

Шектеу

егістік жер

 

жайылымдар

 

шабындықтар

 

Басқа жерлер

 

1 лот

Сәтбаев қаласының жерінде

, 25-112-

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін (егістік жер) жүргізу үшін

2000,0

 

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқықтары

 

 

 

 

10

 

Өсімдік шаруашылығы

 

2000,0

 

0

 

0,0

6

жоқ

Ешқандай ауыртпалық немесе басып алу жоқ

 

2 лот

Сәтбаев қаласының жерінде

, 25-112-

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін (егістік жер) жүргізу үшін

 

2010,0

 

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқықтары

 

 

 

 

10

 

Өсімдік шаруашылығы

 

2010,0

0

 

0,0

6

жоқ

 

Дата публикации
28 декабря 2023
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы