Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ  ҚАЙТАЛАМА КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

 

         1.Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1, 48-баптарына сәйкес, Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімдігі жер учаскелерін ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру  қайталама конкурсын өткізетінін хабарлайды.

        2.Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды қайталама конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды.

         3.Қайталама конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2023 жылдың                                  11 желтоқсаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Ленгір қаласы, Әйтекеби көшесі №28 А «Төлеби аудандық  жер қатынастары бөлімі» ММ. Қайталама конкурсқа өтінімді табыстаудың соңғы мерзімі 25.12.2023 жыл. Қайталама конкурс 26 желтоқсанда 2023 жылы сағат 15-00 де  Ленгір  қаласы, Әйтеке би  №28 А мекен-жайда орналасқан Төлеби ауданы әкімдігінің кіші залында өтеді. Қайталама конкурстың өткізілуі жөніндегі қосымша ақпаратты 8(700) 475-94-15.телефон арқылы білуге болады.

        4.Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурсқа қатысуға өтінімде:

        1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

        2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

       3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

       4) конкурстық ұсыныс;

       5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

        Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

       1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

       2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

       3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

       6.Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Қайталама конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурс" және 26.12.2023 жылғы сағ 1500- ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

      Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қайталама конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

       Қайталама конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 26.12.2023 жыл.

 

Жер учаскелерінің тізбесі

№

Мақсаты

Жер учаскесінің сипаттамасы

 Алаңы (га)

Жалға беру мерзімі

Орналасқан жері

1

мал қора шопан үйінің құрылысы үшін

Жайылым

3

10 жыл

Көксәйек а/о

2

ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін

Тәлімі егістік

14,5

10 жыл

Көксәйек а/о

3

Балық шаруашылығын жүргізу үшін

Жайылым

10

10 жыл

Зертас а/о

4

ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін

Суармалы егістік

3

10 жыл

Киелітас а/о

5

ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін

Суармалы егістік

1,14

10 жыл

Киелітас а/о

6

ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін

Суармалы егістік

3,3

10 жыл

Киелітас а/о

                         Барлығы

35,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2023
Дата обновления
30 ноября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы