Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/н |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер Учаскесінің көлемі, га |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер пайдалану құқығы |
Топырақтың сипаттамасы |
Алқаптардың құрамы |
Бонитет балы |
Өңірдің ауылшаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілуі мүмкіндігі |
|
1 |
Шиелі ауданы, Бәйтерек а/о, №5 КАЕ №2 танабы |
88 |
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысу немесе шаруа фермер қожалығын жүргізу үшін |
10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану үшін |
Тосапты шалғынды қоңыр тоғайлы |
Егістігі - 71,9 га Жайылымы - 5,0 га Канал асты – 5,1 га Басқа алқап - 6,0 га |
16 |
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысу немесе шаруа фермер қожалығын жүргізу үшін |
Бар |
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №11 мекен-жайында орналасқан "Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 20 қараша сағат 900 - ден бастап 2023 жылдың
08 желтоқсан сағат 1900 - ге дейін қабылданады.
Конкурс өткізу Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі №6 мекен-жайындағы Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні сағат 1000 - ден бастап өткізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде;
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін - өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және рәсімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Байланыс телефоны: 8(724 - 32) 3 -55-02, 3-55-63