Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Ақпараттық хабар

Өскемен қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарына рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2023 жылғы 20 қазаннан 2023 жылғы 10 қарашаға дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, 100 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, телефоны 8 (7232) 26-85-68, 24-82-69.

Конкурстық өтінімдері бар конверттер ашу және конкурстың қорытындысын шығару                2023 жылғы 13 қарашада сағат 10.00-де ШҚО, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 33, мекенжайында «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»                ММ-де болады.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурс өткізілмеді деп танылады:

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;

Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда.

Жер учаскелерінің тізбесі

 

№

п/п

Жер учаскесінің  орналасқан жері (шаруашылық орталығынан орташа қашықтық)

жер учаскесінің

лот №

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

Өңірдің ауыл шаруашылы-ғына мамандануы

Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

Өзгеде

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Егістік

Шабын-дық

Жайы-лымдық

Басқа алқап-тар

05-085-142 есеп кварталының (бұрынғы «Ярославское» ЖАШК)

 

1

Ново-Троицкое ауылынан оңтүстік-батысқа қарай

0,8 км

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылы-ғы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруа-шылығы

79,7449 га

(жалға алу 

10 жыл)

63,9687 га

 

15,7762 га

 

48

сулан-ған

 

 

2

Ахмер ауылынан батысқа қарай

2,0 км

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылы-ғы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруа-шылығы

37,5555 га

(жалға алу 

10 жыл)

34,6359 га

 

2,9196 га

 

25

сулан-ған

 

3

Ново-Троицкое ауылынан оңтүстік-батысқа қарай

3,5 км

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылы-ғы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруа-шылығы

78,4918 га

(жалға алу 

10 жыл)

 

9,9374 га

68,5544 га

 

62

сулан-ған

 

4

Ново-Троицкое ауылынан оңтүстік-батысқа қарай

6,7 км

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылы-ғы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруа-шылығы

82,6046 га

(жалға алу 

10 жыл)

 

 

82,2155 га

0,3891 га

36

сулан-ған

 

Дата публикации
02 октября 2023
Дата обновления
02 октября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы