Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Хабарлама

Конкурсты ұйымдастырушы:Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру, ауыл шаруашылығын жүргізуде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жер учаскелерін ұсыну, мемлекет меншігіндегі және 20 жылдық мерзімге жерді пайдалануға ұсынылмағандығы бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: қайта конкурс 2023 жылы «13» шілдеде 10 сағат 00 минутта Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің ғимаратында 1-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді. 

Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 27 маусымнан бастап 2023 жылдың 12 шілдені қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер Новоишим аулы Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2-қабаты, 26 кабинетінде қабылданады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, өтініш беруші – заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесінің (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) мөлшерін көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің тазартылған тұлғалары туралы мәліметтер;

2) Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi;

4) конкурстық ұсыныс;

5)банк кепілдігі немесе қаржы институты кредит комитетінің тартылатын инвестициялардың көлемін растау туралы оң шешімі;

Өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер.

Конкурсқа қатысуға өтінімді ҚР заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаның уәкілетті өкілдері ұсына алады.

Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, ҚР Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндік талаптар бойынша міндеттемелер.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс»  және «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» деген жазулар көрсетіледі және «_________ жылғы «_» дейін ашуға болмайды» (нақты күні көрсетіледі).

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбау тиіс.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Қосымша

Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің алдын ала тізбесі

 

                     Лот

№

 

Жер

учаске№ (өріс)

 

 

 

 

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

(алқаптардың құрамы мен түрлері)

 

Ауданы, га

 

 

Бонитет балы

 

Жалдау мерзімі, жыл

 

 

 

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығынан орташақашықтық)

1

 

Г5-1мол

Жалпы ауданы204 га, оның ішіндетабиғи жайылымдар203 га, жолдар1 га

204 га

11,2

20жыл

Қырымбетауылдық округі

(140 км)

2

 №37

Жалпы ауданы 126 га, оның ішінде егістік 126 га

126 га

40,7

20жыл

Рузаев ауылдық округі

(60 км)

3

 № кос, 14-6, 14-7

Жалпы ауданы 64,9 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 2,7 га, жақсартылған жайылымдар 52 га, бұталар 10,2 га

64,9 га

 

28,3

 

20 жыл

Червонный ауылдық округі

(30 км)

 

Дата публикации
08 июня 2023
Дата обновления
08 июня 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы