Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Ақпараттық хабар

Өскемен қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарына рұқсат етіледі. 

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.   

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2020 жылдың 22 маусымынан 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін ШҚО, Өскемен  қаласы, Пермитин көшесі, 17, 109 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, телефон 8(7232) 57-78-36, 24-82-69. 

Конкурстық өтінімдермен конверттер 2020 жылдың 14 шілдесінде ШҚО, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, 201 кабинеті мекенжайында ашылатын болады.

Конкурс:

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;

Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

Жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар

1) жер учаскесі белгіленген мақсатқа сәйкес пайдаланылсын;

2) жерді қорғау, оларды орынды және тиімді пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасында қарастырылған іс–шаралар жүзеге асырылсын;

3) ауыспалы егіс жүйесін міндетті жүргізу және сақтау қамтамасыз етілсін;

4) жер учаскесін пайдалануға арналған төлем уақытында төленсін;

5) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндіріс технологиялары қолданылсын;

6) 20.06.2003 жылғы №442-II Қазақстан Республикасы Жер  кодексінің 65-бабында қарастырылған жер пайдаланушының басқа міндеттері орындалсын. 

 

Шаруа (фермерлік) қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі

жер учаске-сінің №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (жердің құрамы мен түрлері, бонитет көрсеткіші)

Ауданы, га

Жер учаскесінің орналасқан жері

(шаруашылық орталығынан орташа қашықтық)

1

05-085-142 есептік кварталының аумағындағы учаске (бұрынғы  «Ярославское» ЧСХП) ауданы 54,4601 га оның ішінде: 49,6392 га – егістік жер, 3,7925 га – жайылымдар, 1,0284 га - басқалар; топырақтың бонитет көрсеткіші 81

54,4601

Ново-Троицкое ауылы маңында

2

05-085-142 есептік кварталының аумағындағы учаске (бұрынғы  «Ярославское» ЧСХП) ауданы 134,3430 га оның ішінде: 112,3137 га – жайылымдар, 22,0293 га - басқалар;топырақтың бонитета көрсеткіші 18

134,3430

Басово кентінің маңында

3

05-085-142 есептік кварталының аумағындағы учаске (бұрынғы  «Ярославское» ЧСХП) ауданы 57,1730 га оның ішінде: 54,2270 га – егістік жер, 2,6840 га – жайылымдар, 0,2620га - басқалар; топырақтың бонитет көрсеткіші 25

57,1730

«Восточник-Степной» б/с маңында

4

05-085-142 есептік кварталының аумағындағы учаске (бұрынғы  «Ярославское» ЧСХП) ауданы 182,6931 га оның ішінде: 179,0312 га – жайылымдар, 3,6619 га - басқалар; топырақтың бонитет көрсеткіші 18

182,6931

Самсоновка ауылы маңында

5

05-085-142 есептік кварталының аумағындағы учаске (бұрынғы  «Ярославское» ЧСХП) ауданы 2,4952 га оның ішінде: 1,8409 га – егістік жер, 0,3826 га – жайылымдар, 0,2717 га - басқалар; топырақтың бонитет көрсеткіші 32

2,4952

Қасым Қайсенов кентінің маңында

6

05-085-142 есептік кварталының аумағындағы учаске (бұрынғы  «Ярославское» ЧСХП) ауданы 4,5794 га оның ішінде: 4,5794 га – егістік жер, топырақтың бонитет көрсеткіші 32

4,5794

Қасым Қайсенов кентінің маңында

7

05-085-142 есептік кварталының аумағындағы учаске (бұрынғы  «Ярославское» ЧСХП), ауданы 163,9491 га оның ішінде: 163,7889 га – егістік жер, 0,1630 га – басқалар; топырақтың бонитет көрсеткіші 21

163,9491

кадастрлық нөмірі

05-085-142-418 учаскесінің маңында

Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
05 июня 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы