Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43-1 бабын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы басшылыққа ала отырып, 2023 жылдың 13 шілде сағат 10-00 де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Т.Әубәкіров көшесі 23 мекен жайда орналасқан Қарқаралы ауданы әкімдігінің акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

      1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) конкурстық ұсыныс.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2023 жылғы  19 маусымынан 2023 жылғы 12 шілде күнгі сағ:18-30-ға  дейін "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде қабылданады, орналасқан мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ә. Бөкейханов көшесі, 40.

    Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.   

   Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

      5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

     Конкурсқа хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамды құрайтын заңды тұлғалардан басқа, белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі.

Конкурсқа төменде келтірілген кестеде көрсетілген мынадай жер учаскелері қойылады:

№

Жер учаскесінің орналасқан ауылдық округ атауы (лот № )

Жалпы алаңы, га

Алқаптардың құрамы

 

оның ішінде

Жалға алу мерзімі, жыл

Жер учаскесінің сипаттамасы (топырақ түрі), орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

 

 

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

барлық егістік

оның ішінде суар

малы егістік

Барлық жайы

лым

оның ішіндеТЖ жайылым

ша

бын

дық

басқа алқап

тар

 

1

Жаңатоған а/о

Лот №112

728,7337

-

-

580,0

-

148,0

0,7337

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

2

Жаңатоған а/о

Лот №111

517,7410

-

-

517,0

-

-

0,7410

20 жыл

Қою қызыл топырақта,

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

3

Жаңатоған а/о

Лот №114

649,1689

-

-

512,0

354,0

136,0

1,1689

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

4

Жаңатоған а/о

Лот №172

400,0000

-

-

294,0000

-

105,000

1,0000

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

5

Шарықты а/о

Лот №133

1000,0

288,0

-

711,0

-

-

1,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

 мал шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы

 

6

Шарықты а/о

Лот №134

1000,0

199,0

-

800,5

-

-

0,5

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы

7

Н.Нұрмақов а/о

Лот №31

2160,0

-

-

2155,0

-

-

5,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

 мал шаруашылығы

 

8

Н.Нұрмақов а/о

Лот №30

692,0

9,0

-

680,0

16,0

-

3,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы

9

Темірші  а/о

Лот №162

289,8628

-

-

289,0

-

-

0,8628

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

10

Темірші а/о

Лот №163

1024,0255

-

-

1023,0

264,0

-

1,0255

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

11

Темірші а/о

Лот №164

2000,0

-

-

1988,0

-

-

12,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

12

Мәди а/о

Лот №169

1286,7233

-

-

1286,0

-

-

0,7233

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

13

Мәди а/о

Лот №170

461,7972

-

-

461,0

-

-

0,7972

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

14

Мәди а/о

Лот №171

652,6541

-

-

652,0

-

-

0,6541

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

Барлығы

12462,71

496,0

 

11654,5

634,0

284,0

28,2065

 

 

 

 

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

       3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

    Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

    Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

    Қосымша ақпаратты "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" Мемлекеттік мекемесінен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бөкейханов көшесі 40. Байланыс тел / факс 8 (72146) 31404.

 

Дата публикации
29 мая 2023
Дата обновления
29 мая 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы