Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару

2023 жылғы 22 мамырда ҚР АШМ  ЖРБК  СҚО жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Б. С. Бекиш «Аманат» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысына қатысып, «Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмаған және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыстың барысы туралы»  баяндама жасады.

Ең бастысы туралы қысқаша:

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру және 2023 жылдың өткен кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 18,4 мың га жайылым алаңында 16 тексеру жүргізілді.

- 17,4 мың га жайылым алаңында 11 бұзушылық анықталды.

Бұзушылықтарды жою туралы 11 нұсқама берілді, олар Мемлекеттік кірістер департаментіне 20 есеге ұлғайтылған салық мөлшерлемесін  қолдану үшін жіберілді.

621 мың теңге сомасына 8 айыппұл салынды.

2023 жылы соттарға ҚР заңнамасын бұза отырып берілген жалпы алаңы  14,3 мың га жер учаскелерін жалға беру туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы 29 талап арыз берілді.

Ағымдағы жылы облыстың ведомствоаралық кіші тобының 3 отырысы өткізілді.

2023 жылы облыс бойынша ҚР заңнамасын бұза отырып, 330 мың га алаңда пайдаланылмаған жерлер мен берілген жерлерді қайтару жоспарлануда, оның ішінде 44,3 мың га қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және бақылауда.

 

Дата публикации
24 мая 2023
Дата обновления
24 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы