Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдігі мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігі хабарламаның бiрiншi жариялымынан отыз күнтiзбелiк күн кезеңi кейін конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 15 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2023 жылғы 05 маусымы бастап 2023 жылғы 23 маусымы қоса алғанда өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады.   

Нәтижелердi шығарған күн конкурстың соңғы күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi жұмыс күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

Конкурстың өтетiн орны және күнi, уақыты: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, С. Мұқанов  көшесi 12, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің отырыс залы 2023 жылғы 26 маусымы сағат 10.00-де.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;

2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;

3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;

4. конкурстық ұсыныс;

5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста келесі құжаттар болуы керек:

1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны), әр лот бойынша жеке бизнес-жоспар ұсынылуы керек;

2. iшкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;

3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «жылғы _______ «_» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

Жер кодексiнiң 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Қатысушы өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң өтiнiмiн өзгерте немесе керi қайтара алады. Өзгерiс өтiнiм сияқты дайындалады, мөрленедi және ұсынылады. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

Өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Жер комиссиясы барлық өтiнiмдердi олардың сәйкестiгi, толықтығы, есептемелердегi қателiктердiң, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейдi, сондай-ақ, жалпы рәсiмдеудiң дұрыстығын тексередi, конкурстық ұсыныста көсетiлген бизнес-жоспар, оның iшiнде, инвестициялардың болжамды көлемi бойынша балл беру жолымен өтiнiмдердi бағалайды, салыстырады.

Балдар мiндеттемелердiң мынадай өлшемшарттары бойынша берiледi:

бiр гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемi туралы, мың. теңге:

1) суарылмайтын егiстiкке:

50-ге дейiн — 1 балл;

50-ден 70-ке дейiн — 5 балл;

70-тен 90-ға дейiн — 10 балл;

90-нан 110-ға дейiн — 15 балл;

110-нан жоғары — 20 балл.

2) суарылатын егiстiкке (суарылатын жерлер):

200-ге дейiн — 1 балл;

200-ден 300-ге дейiн — 5 балл;

300-ден 400-ге дейiн — 10 балл;

400-ден 500-ге дейiн — 15 балл;

500-ден жоғары — 20 балл.

3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейiн — 1 балл;

5-тен 10-ға дейiн — 5 балл;

10-нан 20-ға дейiн — 10 балл;

20-дан 30-ға дейiн — 15 балл;

30-дан жоғары — 20 балл.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Талаптарына сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2022 жылғы 26 маусымы шығарылады.

2023 жылғы 23 маусымы сағат 18.30-ға дейiн СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А. Кунанбаев  көшесi, 5, 150900 мекен-жайға, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ конкурстық өтiнiмдер қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Мамлют ауданы әкiмiнiң www.maml.sko.gov.kz немесе 8(71541)2-11-07, 2-22-71 тел. бойынша алуға болады. 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мемлекеттік меншігіндегі шаруа фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі 2023 жылғы конкурсқа қойылады.
Жер учаскесінің нөмірі (лот) Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (жер құрамы мен түрлері, бонитет балы) Ауданы га олардың ішінде Жалдау мерзімі жылдар Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығының орташа қашықтығы) Ескерту (жер учаскесін пайдалануға ҚР заңнамасын сақтау бойынша қажетті талаптар)
егістік (кен орны) жайылымдар табиғи түбегейлі жақсартылған жайылымдар басқа ауылшаруашылық емес жерлер
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 табиғи жайылымдар 47,9, жақсартылған жайылымдар 47,9 86   27 59   10 Белое ауылы, Белое ауылдық округі, ауылдан 8,7 км. аудан орталығынан 7,5 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
2 табиғи жайылымдар 14,6, бұталар 25,1, басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын Санаттар (жолдар) 69   63   6 10 Коваль ауылы, Белое ауылдық округі, ауылдан 5,7 км. аудан орталығынан 47,0 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
3 жақсартылған жайылымдар 28,6 26,3     26,3   10 Чистое ауылы, Белое ауылдық округі, ауылдан 2,2 км. аудан орталығынан 47,2 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
4 табиғи жайылымдар 38,3, жақсартылған жайылымдар 56,3, басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын Санаттар (су астында, жолдар) 79   20,5 21 37,5 10 Становое ауылы, Воскресенов ауылдық округі, ауылдан 2,5 км. аудан орталығынан 31,5 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
5 егістік 43,2, табиғи жайылымдар 15,3, жақсартылған жайылымдар 23,8 басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын санат (батпақтар, су астында, жолдар) 561 34 291 21 215 10 Афонькино ауылы, Становое ауылдық округі, ауылдан 3,0 км. аудан орталығынан 28,0 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
6 егістік 43,9, табиғи жайылымдар 32,6, жақсартылған жайылымдар 37,0 басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын санат (жолдар) 150 93 36 20 1 10 Беловка ауылы, Краснознамен ауылдық округі, ауылдан 5,5 км. аудан орталығынан 40,5 к ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
7 егістік 56,0, табиғи жайылымдар 49,5, жақсартылған жайылымдар 32,7 басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын санат (орман белдеулері, су астында, жолдар) 145 94 31 12 8 10 Краснознаменное ауылы, Краснознамен ауылдық округі, ауылдан 4,5 км. аудан орталығынан 26,5 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
8 егістік 45,0, басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын санат (орман белдеулері, жолдар) 27,6 26,4     1,2 10 Краснознаменное ауылы, Краснознамен ауылдық округі, ауылдан 3,0 км. аудан орталығынан 23,5 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
9 көпжылдық екпелер, табиғи жайылымдар 21,9, жақсартылған жайылымдар 28,0, басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын Санаттар (орман белдеулері, жолдар) 29,2 5 2 15 7,2 10 Краснознаменное ауылы, Краснознамен ауылдық округі, ауылдан 0,8 км. аудан орталығынан 22,0 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
10 жақсартылған жайылымдар 44,7, ауыл шаруашылығына жатпайтын басқа санат (орман белдеулері, жолдар) 22     21,9 0,1 10 Краснознаменное ауылы, Краснознамен ауылдық округі, ауылдан 3,0 км. аудан орталығынан 20,5 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
11 табиғи жайылымдар 20,0, жақсартылған жайылымдар 38,1, басқа ауылшаруашылық емес Санаттар (батпақтар, көлдер) 311   85 52 174 10 Леденево ауылы, Леденев ауылдық округі, ауылдан 8,5 км. аудан орталығынан 53,5 км.  
12 табиғи жайылымдар 13,4, жақсартылған жайылымдар 30,5, басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын санат (жол) 80,7   55,7 24 1 10 Леденево ауылы, Леденев ауылдық округі, ауылдан 0,7 км. аудан орталығынан 24,3 км.  
13 табиғи жайылымдар 19,1, басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын санат (бұталар, жол) 95   93   2 10 Леденево ауылы, Леденев ауылдық округі, ауылдан 8,5 км. аудан орталығынан 45,0 км.  
14 табиғи жайылымдар 52,2, 22,3   22,3     10 Бике ауылы, Бике ауылдық округі, ауылдан 5,0 км., аудан орталығынан 91,0 км.  
15 табиғи жайылымдар 46,8 12   12     10 Бике ауылы, Бике ауылдық округі, ауылдан 4,2 км. аудан орталығынан 90,0 км.  
16 табиғи жайылымдар 49,7, басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын санат (бұталар, жол) 33   33     10 Бике ауылы, Бике ауылдық округі, ауылдан 4,6 км. аудан орталығынан 90,6 км.  
17 табиғи жайылымдар 30,1 20   20     10 Красный Октябрь ауылы, Пригород ауылдық округі, ауылдан 1,5 км. аудан орталығынан 13,5 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
18 табиғи жайылымдар 24,6, жақсартылған жайылымдар 46,6 58   34 24   10 Красный Октябрь ауылы, Пригород ауылдық округі, ауылдан 1,2 км. аудан орталығынан 13,2 км. ҚР Жер кодексінің 24-бабы 6-тармағына сәйкес
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
Дата публикации
03 мая 2023
Дата обновления
03 мая 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы