Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсын өткізу туралы

  1. Конкурсқа мемлекеттік меншіктегі, жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы қойылады.
  2. Конкурсқа қатысуға ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ресімдеген Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.
  3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы "10" мамырдан бастап 2023 жылғы "30" мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.
  4. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
  5. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

5 . Конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) Жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтініш беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын көрсетілген шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жасасу жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Іс жүргізу конкурсына қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,құрылатын жұмыс орындарының саны) ;

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс, фитосанитарлық және карантиндік талаптар.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген)ауыл шаруашылығы мақсатындағы, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау.

  1. Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
  2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауға тиіс.
  3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс" және "2023 жылғы "31" мамырға дейін ашпаңыз" (нақты күні көрсетіледі) деген жазу көрсетіледі.
  4. Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға тиіс.
  5. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
  6. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

  1. Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тартылатын инвестициялардың ұсынылатын көлемі бойынша екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл және Комиссия мүшелерінің көпшілік даусын жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы 2023 жылғы "31" мамырда сағат 15.00-де шығарылады.

Конкурстық өтінімдер "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" КММ-не 2023 жылғы "30" мамыр сағат 18.00-ден кешіктірмей мына мекен-жай бойынша ұсынылады: инд.151300, СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35, 110 кабинет қолма-қол немесе пошта арқылы.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Шал ақын ауданы әкімінің сайтынан алуға болады. www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn және "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ – тел: 8 (71534) 2-02-30

  

 

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсына шығарылған жер учаскелерінің тізімі

  

Лота  №

Жер  учаскесінің кадастр номері, алқаптың №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

(алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет баллы)

 

алаңы, га

Орташа бонитет баллы

Жалдау мерзімі, жыл

Аютас ауылдық округі

1

 

Жалпы алаңы

Егістік

400

400

 

 

2

 

Жалпы алаңы

Егістік

Жайылым

Басқалары

1216

584

621

11

 

 

3

 

Жалпы алаңы

Егістік

Жайылым

Басқалары

664

491

163

10

 

 

Округ бойынша барлығы: жалпы алаңы –2280 га, егістік – 1475 га, жайылым – 784 га,

басқалары- 21

Городецк ауылдық округі

4

 

Жалпы алаңы

Егістік

Жақсартылған жайылым

Орман белдеулері

Жолдар

180

176

2

1

1

 

 

5

 

Жалпы алаңы

Жайылым

Бұталар

Су астында

Басқалары

457

439

6

9

3

 

 

Округ бойынша барлығы: жалпы алаңы – 637 га, егістік – 176 га, жайылым – 441 га, жолдар – 1, га, бұталар -6 га, су астында – 9 га, орман белдеуі – 1 га, басқалары – 3.

Кривощеков ауылдық округі

5

 

Жалпы алаңы

Егістік

Жайылым

Басқалары

1432

1286

136

10

 

 

Округ бойынша барлығы: жалпы алаңы –1432 га, егістік – 1286 га, жайылым – 136 га,

басқалары- 10

Приишим ауылдық округі

6

 

Жалпы алаңы

Егістік

75

75

 

 

Семипол ауылдық округі

7

 

Жалпы алаңы

Егістік

Табиғи жайылым

Жолдар

326

301

23

2

 

 

8

 

Жалпы алаңы

Егістік

Табиғи жайылым

Бұталар

233

92

137

4

 

 

9

 

Жалпы алаңы

Егістік

Табиғи жайылым

Батпақты

Жолдар

192

50

113

28

1

 

 

10

 

Жалпы алаңы

Табиғи жайылым

Басқалары

796

782

14

 

 

Округ бойынша басқалары: жалпы алаңы – 1547 га, егістік – 447 га, жайылым – 1055 га, жолдар – 3 га, батпақты – 28 га, басқалары – 14 га.

Сухорабов ауылдық округі

11

 

Жалпы алаңы

Егістік

100

100

 

 

12

 

Жалпы алаңы

Егістік

Табиғи жайылым

Батпақты

 

60

34

19

7

 

 

Округ бойынша барлығы: жалпы алаңы – 160 га, егістік – 134 га, жайылым – 19 га, батпақты – 7га.

 

 

Юбилейный ауылдық округі

 13

 

Жалпы алаңы

Егістік

Табиғи жайылым

 

224

184

40

 

 

 

14

 

Жалпы алаңы

Егістік

260

260

 

 

 

15

 

Жалпы алаңы

Егістік

Табиғи жайылым

Жолдар

121

118

1

2

 

 

Округ бойынша барлығы: жалпы алаңы – 605 га, егістік – 562 га, жайылым – 41 га, жолдар – 2 га.

                               

 

Конкурс бойынша барлығы: жалпы алаңы: 6736 га, егістік – 4155 га, жайылым – 2476 га, жолдар – 6 га, бұталар – 6га, су астында – 9 га,  батпақты – 35 га, басқалары – 48 га, орман белдеулері – 1 га.

Дата публикации
07 апреля 2023
Дата обновления
07 апреля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы