2020 жылы 11 маусымда конкурс өтуі жоспарланған болатын. Алайда, Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23 мамырдағы қаулысы бойынша облыс аумағында карантин режимі 2020 жылдың 15 маусымына дейін ұзартылды. Осыған байланысты конкурс өткізу карантин аяқталғанға дейін ауыстырылатынын хабарлайды. Конкурс өткізу күні және уақыты қосымша хабарланады.