АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ХАБАРЛАМА)
«Май ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылғы 15 шілдеде сағат 15. 00 - де ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа (фермерлік) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға және оларға құқығын беру бойынша конкурстың қорытындысын шығару бойынша конкурстық комиссияның отырысын өткізеді. Конкурс мына мекенжайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі 33, «Nur Otan» ғимараты.
Ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа(фермерлік) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі және оларға құқықтар
|
лот№ |
Алқаптардың алаңы, га |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Бонитет баллы |
Ауылшаруашылығына мамандануы |
Жалға беру мерзімі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Кадастрлық кварталы |
|
1 |
Жалпы алаңы 1803,0 га, оның ішінде: 1800,0 га егістік, 3,0 га жолдар |
ашық сарғылт. |
8,0 |
Өсімдік шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Малайсары а/о |
065 |
|
2 |
Жалпы алаңы 731,8 га, оның ішінде: 700,0 га жайылым, 1,2 га жолдар, 30,6 га өзге де жерлер |
ашық сарғылт., суландырылған |
8,0 |
Мал шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Малайсары а/о |
065 |
|
3 |
Жалпы алаңы 1206,0 га, оның ішінде: 1200,0 га жайылым, 0,6 га жолдар |
ашық сарғылт. |
8,0 |
Өсімдік шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Көктүбек а/о
|
018 |
|
4 |
Жалпы алаңы 1406,0 га, оның ішінде: 1400,0 га егістік, 0,6 га жолдар |
ашық сарғылт. |
8,0 |
Өсімдік шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Көктүбек а/о
|
042 |
|
5 |
Жалпы алаңы 25,0 га, оның ішінде: 25,0 га шабындық |
ашық сарғылт. |
8,0 |
Мал шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Кеңтүбек а/о |
054 |
|
6 |
Жалпы алаңы 100,0 га, оның ішінде: 100 га шабындық |
ашық сарғылт. |
8,0 |
Мал шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Қазан а/о |
105 |
|
7 |
Жалпы алаңы 1004,0 га, оның ішінде 1000,0 га жайылым, 4,0 га жолдар |
ашық сарғылт., суландырылған |
8,0 |
Мал шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Малайсары а/о |
064 |
|
8 |
Жалпы алаңы 131,2 га, оның ішінде: 130,0 га егістік, 1,2 га жолдар |
ашық сарғылт. |
8,0 |
Өсімдік шаруашылығын жүргізу |
10 жыл |
Көктүбек а/о
|
022 |
|
|
Жалпы алаңы 6407,0 га, оның ішінде: жайылым – 2900,0 га, егістік – 3330,0 га, шабындық – 125,0 га, өзге де жерлер – 52,0 га. |
||||||
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу осы ақпараттық хабарлама (ХАБАРЛАМА) алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң басталады және өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өтінімдер 2020 жылғы 23 маусымнан бастап 2020 жылғы 14 шілдеге дейін қабылданады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар қатысуға құқылы емес.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою үшін ауданның уәкілетті органына келуге міндетті.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу және өтінімдерді қабылдау мына мекенжайы бойынша жүргізіледі: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 36 құрылыс, «Май ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады тел. 8(71838) 91377.