Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Хабарлама

Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 10 жыл мерзімге беру жөнінде конкурс (бұдан әрі-Конкурс) өткізеді.

Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі осы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 20 наурыздан 12 сәуірге дейін Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Лермонтов көшесі, 16А мекен-жайы бойынша Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жүзеге асырылады. Қорытынды шығарылған күн конкурстың аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Күні 2023 жылғы 13 сәуір сағат 10-00-де Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті Абылай хан көшесі 20 (аудан әкімдігінің әкімшілік ғимараты) мекенжайы бойынша.

 

№ лот

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

 

Ауданы, гектар

 

Алқаптардың құрамы

 

Топырақтың сапалық сипаттамасы

 

Бонитет балы

 

Сумен қамтамасыз етілуі

 

Ауданның ауыл шаруашылығына мамандануы

1.

Дамса ауылдық округі

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

30,0

егістік

Қаратопырақ

38

суланбаған

Өсімдік шаруашылығы

2.

Новокубанка ауылдық округі

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

90,0

жайылым

Қаратопырақ

32,1

суланбаған

Мал шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасында тіркелген) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі. (мемлекеттік тізілімде № 18048 болып тіркелген).

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығыдақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,құрылатын орындардың саны)

2) шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егісалаңдарының құрылымынәртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау жөніндегі міндеттемелер,ғылыми-негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтауға міндетті.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес – жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, басылған немесе өшірілмейтінсия мен жазылған жабық конвертте ұсынады, онда соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің Интернет-ресурстарынан және Шортанды ауданының «Жерқатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 8 (7163135137; 35141) телефоны бойынша алуға болады

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы