Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы Отырар ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Отырар ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы өткізіледі

Отырар ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен конкурс өткізетінін хабарлайды.

Конкурс ұйымдастырудың жəне өткізудің шаттары мен талаптары:

Конкурс 2023 жылғы 14 сəуір сағ: 15-00-де Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, М.Əуезов көшесі, №1А үйі мекен жайында өтеді. (Отырар ауданының "Кәсіпкерлік мектебі" ғимаратынының екінші қабаты 202 кабинет). Қосымша ақпаратты 8(72544)-79-2-52 телефоны арқылы білуге болады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 2023 жылдың 24 наурызынан – 13 сəуірі аралығында (13.04.2023 жылы сағ: 18-30-ға дейін)  Отырар ауданы əкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолдау қажет. (Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, М.Əуезов көшесі, №1А үй, Отырар ауданының "Кәсіпкерлік мектебі" ғимаратынының бірінші қабаты 103 кабинет)

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «14.04.2023 жылғы сағ 15-00 - ге дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурстық комиссияның қорытындысы 14.04.2023 жыл қабылданады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1-бабына сәйкес Отырар ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің

ТІЗБЕСІ

 

Жер учаскесінің

Лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлемі, (га)

 Ауыл округі

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Бонитет балы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалға беру мерзімі, жыл

1.                    

Суармалы

100 га

Қарғалы

Шалғын серозды орташа сортаңды жері

13,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

2.                    

Суармалы

5 га

Қарғалы

Шалғынды серозды орташа сазды

орта батпақты суармалы жері

34,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

3.                    

Суармалы

5 га

Қоғам

Шалғын серозды орташа сортаңды жері

20,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

4.                    

Суармалы

5 га

Қоғам

Шалғынды серозды орташа сазды

орта батпақты суармалы жері

24,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

5.                    

Суармалы

5 га

Қоғам

Шалғынды серозды орташа сазды

орта батпақты суармалы жері

33,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

6.                    

Суармалы

5,5 га

Қоғам

Шалғынды серозды орташа сазды

орта батпақты суармалы жері

14,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

7.                    

Суармалы

8,8 га

Балтакөл

Жайылмалы серозды жеңіл шалғынды кәдімгі суармалы ауыр сазды

27,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

8.                    

Суармалы

20 га

Балтакөл

Жайылмалы серозды жеңіл шалғынды кәдімгі суармалы қатты ауыр сазды

27,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

9.                    

Суармалы

12 га

Балтакөл

Шалғынды серозды ашық терең тұзды

шалғынды тұзды батпақтармен ауыр сазды суарылатын 10-30%

53,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

10.                

Суармалы

5 га

Балтакөл

Жайылмалы серозды жеңіл шалғынды суармалы кәдімгі сортаңды қатты сазды ауыр сазды

57,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

11.                

Суармалы

5 га

Балтакөл

Жайылмалы серозды жеңіл шалғынды суармалы кәдімгі сортаңды, қатты сазды ауыр сазды

57,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

12.                

Суармалы

5 га

Көксарай  

Шалғынды серозды суармалы орта сазды

36,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

13.                

Суармалы

20 га

Көксарай  

Жайылмалы серозды жеңіл шалғынды сазды ауыр сазды

34,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

14.                

Суармалы

7,7 га

Қарақоңыр  

Шалғынды-серозды жеңіл Оңтүстік аздап тұздалған суармалы ауыр сазды

30,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

15.                

Суармалы

20 га

Маяқұм  

Жайылмалы серозды жеңіл шалғынды суармалы кәдімгі сортаңды, қатты сазды ауыр сазды

15,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

16.                

Суармалы

20 га

Маяқұм  

Жайылмалы серозды жеңіл шалғынды суармалы кәдімгі сортаңды, қатты сазды ауыр сазды

31,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

17.                

Суармалы

6 га

Шілік  

суармалы кәдімгі сортаң қатты сортаңды жер

12,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

18.                

Суармалы

10 га

Шілік  

суармалы кәдімгі сортаң қатты сортаңды жер

12,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

19.                

Суармалы

12,4 га

Отырар  

Шалғынды-серозды сазды суармалы сазды

16,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

20.                

Суармалы

6 га

Отырар  

суармалы кәдімгі сортаң қатты сортаңды жер

18,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

21.                

Суармалы

6 га

Отырар  

Шалғынды серозды ашық терең тұзды

шалғынды тұзды батпақтармен ауыр сазды суарылатын 10-30%

18,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

22.                

Суармалы

5 га

Отырар  

Шалғынды серозды ашық терең тұзды

шалғынды тұзды батпақтармен ауыр сазды суарылатын 10-30%

18,0

Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін

48 жыл 11 ай

 

                Суармалы 294,4 га: Барлығы 294,4 га

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабының 6-тармағына сәйкес, ауданның, облыстың маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау және тіркеу-өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы