Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдігі мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігі хабарламаның бiрiншi жариялымынан отыз күнтiзбелiк күн кезеңi кейін конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 15 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады.     2020 жылғы 27 сәуірден бастап 2020 жылғы 20 мамырды қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады.

Нәтижелердi шығарған күн конкурстың соңғы күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi жұмыс күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

Конкурстың өтетiн орны және күнi, уақыты: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, С. Муканов  көшесi 12, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің отырыс залы 2020 жылғы 21 мамырында 11 сағат 00 минутта.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  • жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  • өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  • конкурстық ұсыныс;
  • өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста келесі құжаттар болуы керек:

  • бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  • iшкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «жылғы _______ «_» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

Жер кодексiнiң 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Қатысушы өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң өтiнiмiн өзгерте немесе керi қайтара алады. Өзгерiс өтiнiм сияқты дайындалады, мөрленедi және ұсынылады. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

Өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Жер комиссиясы барлық өтiнiмдердi олардың сәйкестiгi, толықтығы, есептемелердегi қателiктердiң, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейдi, сондай-ақ, жалпы рәсiмдеудiң дұрыстығын тексередi, конкурстық ұсыныста көсетiлген бизнес-жоспар, оның iшiнде, инвестициялардың болжамды көлемi бойынша балл беру жолымен өтiнiмдердi бағалайды, салыстырады.

Балдар мiндеттемелердiң мынадай өлшемшарттары бойынша берiледi:

бiр гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемi туралы, мың. теңге:

1) суарылмайтын егiстiкке:

  • 50-ге дейiн — 1 балл;
  • 50-ден 70-ке дейiн — 5 балл;
  • 70-тен 90-ға дейiн — 10 балл;
  • 90-нан 110-ға дейiн — 15 балл;
  • 110-нан жоғары — 20 балл.

2) суарылатын егiстiкке (суарылатын жерлер):

  • 200-ге дейiн — 1 балл;
  • 200-ден 300-ге дейiн — 5 балл;
  • 300-ден 400-ге дейiн — 10 балл;
  • 400-ден 500-ге дейiн — 15 балл;
  • 500-ден жоғары — 20 балл.

3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:

  • 5-ке дейiн — 1 балл;
  • 5-тен 10-ға дейiн — 5 балл;
  • 10-нан 20-ға дейiн — 10 балл;
  • 20-дан 30-ға дейiн — 15 балл;
  • 30-дан жоғары — 20 балл.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Талаптарына сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2020 жылғы 21 мамырда шығарылады.

2020 жылғы 21 мамырдың сағат 18.30-ға дейiн СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А. Кунанбаев  көшесi, 5, 150900 мекен-жайға, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ конкурстық өтiнiмдер қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Мамлют ауданы әкiмiнiң www.maml.sko.gov.kz немесе 8(71541)22747, 2-22-71 тел. бойынша алуға болады. 

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

Лот

Қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрі, бонитет балы)

Ауданы, га

Нысаналы мақсаты

Жалға алу мерзімі (жыл)

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдан, аудан орталығынан орташа қашықтық)

Ескертпе (конкурсқа қатысушыға ҚР заңнамасын сақтау бойынша қажетті талаптар)

 
 
 

1

Егістік, бонитет балы 43,4

86

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Прогресс ауылы, Белое ауылдық округі,   ауылдан 1,7 км, аудан орталығынан 11 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына, 122 бабының 2 тармағына сәйкес

 

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 29,5

415

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, көлдер)

2

 

Барлығы

503

 

2

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 22,4

179

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Коваль ауылы, Белое ауылдық округі,  ауылдан 1,7 км, аудан орталығынан 20 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, басқалар, бұталар)

22

 

Барлығы

201

 

3

Егістік, бонитет балы 44,3

62

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Коваль ауылы, Белое ауылдық округі,  ауылдан 3,7 км, аудан орталығынан 25 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 23,8

1251

 

Жақсартылған жайылымдар, бонитет балы 33,8

212

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, басқалар, бұталар)

54

 

Барлығы

1579

 

4

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 10,4

148

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Воскресеновка ауылы, Воскресенов ауылдық округі,  ауылдан 4,4 км, аудан орталығынан 11,4 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, көлдер)

60

 

Барлығы

208

 

5

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 17,5

159

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Воскресеновка ауылы, Воскресенов ауылдық округі, ауылдан 6,4 км, аудан орталығынан 13,4 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, көлдер, басқалар)

49

 

Барлығы

208

 

6

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 24,5

89

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Воскресеновка ауылы, Воскресенов ауылдық округі, ауылдан 8,5 км, аудан орталығынан 15,5 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, басқалар, бұталар)

13

 

Барлығы

102

 

7

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 14,5

6

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Воскресеновка ауылы, Воскресенов  ауылдық округі, ауылдан 1 км, аудан орталығынан 7 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 14,6

146

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (батпақтар, жолдар)

49

 

Барлығы

201

 

8

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 410,8

140

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Михайловка ауылы, Дубровное ауылдық округі, ауылдан 5,3 км, аудан орталығынан 65,3 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 10,7

61

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (батпақты, су астында)

211

 

Барлығы

412

 

9

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 46,8

190

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Қызыләскер ауылы, Қызыләскер ауылдық округі,  ауылдан 6,0 км, аудан орталығынан 100 км

 

 

Жақсартылған жайылымдар, бонитет балы 54,6

19

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (көлдер, жолдар, басқалар)

17

 

Барлығы

226

 

10

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 19,1

93

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Леденево ауылы,  Леденев ауылдық округі, ауылдан 10 км, аудан орталығынан 45 км

 

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (бұталар, жолдар)

2

 

Барлығы

95

 

11

Табиғи жайылымдар, бонитет балы 12,8

125

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Афонькино ауылы,  Становое ауылдық округі,  ауылдан 2,0 км, аудан орталығынан 27 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (батпақ, су астында, жолдар)

26

 

Барлығы

151

 

12

Егістік, бонитет балы 51,3

218

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

 Красный октябрь ауылы, Пригород  ауылдық округі,  ауылдан 1,0 км, аудан орталығынан 30 км

 

 

Табиғи жайылымдар бонитет балы 54,0

1

 

Всего

219

 

13

Егістік, бонитет балы 46,4

82

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

 Белое ауылы, Белое  ауылдық округі,  ауылдан 7,5км, аудан орталығынан 27,5 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына, 122 бабының 2 тармағына сәйкес

 

Табиғи жайылымдар бонитет балы12,8

202

 

Жақсартылған жайылымдар,  бонитет балы 53,9

14

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, көлдер, бұталар)

90

 

Всего

388

 

14

Егістік, бонитет балы 55,9

14

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

 Прогрес ауылы, Белое ауылдық округі,  ауылдан 5,0 км, аудан орталығынан 10 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Табиғи жайылымдар бонитет балы 22,3

136

 

Жақсартылған жайылымдар,  балл бонитета 17,6

16

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (батпақтар, көлдер)

88

 

Всего

171

 

15

Табиғи жайылымдар бонитет балы 12,8

310

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

Орел ауылы, Становое  ауылдық округі,  ауылдан 2,0 км, аудан орталығынан 32 км

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 6 тармағына сәйкес

 

Жақсартылған жайылымдар,  бонитет балы 26,3

100

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар, батпақтар, көлдер)

46

 

Всего

456

 

16

Егістік, бонитет балы 43,9

93

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

 Беловка ауылы Краснознамен  ауылдық округі,  ауылдан 6,0 км, аудан орталығынан 48 км

 

 

Табиғи жайылымдар бонитет балы 32,6

36

 

Жақсартылған жайылымдар,  бонитет балы 37,0

20

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (жолдар)

1

 

Всего

149

 

17

Егістік, бонитет балы  49,2

80

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

 Дачное ауылы Ленин  ауылдық округі,  ауылдан 5,0 км, аудан орталығынан 100 км

 

 

Табиғи жайылымдар бонитет балы 35,8

5

 

Всего

85

 

18

Табиғи жайылымдар бонитет балы 20,0

85

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10

 Леденево ауылы, Леденев  ауылдық округі,  ауылдан 8,5км, аудан орталығынан 53,5 км

 

 

Жақсартылған жайылымдар,  бонитет балы 38,1

52

 

Басқа ауыл шаруашылығы емес жерлер (батпақтар, көлдер)

174

 

Всего

311

 
               

Ескертпе: топырақтың сапалық сипаттамасы және жер учаскелерін сумен қамтамасыз ету жоқ.

   

 

 

 

 

Дата публикации
26 марта 2020
Дата обновления
26 марта 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы