«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

«БЕКІТЕМІН»

«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан

облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ басшысының м.у.а.

А.К.Байдюсенов ______________от

2024 жылғы  «_____» ____________

 

 

«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

р/т

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша ұсынымдар

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

 

2

3

4

5

Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен, атап айтқанда:

- ҚР Жер кодексінің 12-бабы, не 92-бабына құрылысқа арналған жер учаскесін пайдалану (игеру) не болып табылады деген анықтама қосылуы туралы ұсыныс енгізу.

-жер құқығы қатынастарының барлық субъектілерін мәні бірдей шарттарға келтіру мақсатында ҚР Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Егер құрылысқа және өзге де нысаналы мақсатқа арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаса (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе), онда мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады» … .

 

ҚР Жер кодексінің 12-бабына немесе 92-бабына өзгерістер енгізу мүмкіндігін келесі негіздер бойынша  қарау:

ҚР Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес: егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады... .

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 31)тт. сәйкес:

- құрылыс қызметі (бұдан әрі-құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) қазіргі бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру) арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын аяқтаған объектілерді кейіннен кәдеге жарату.

Алайда, Жер кодексінде «жерді пайдаланбау» анықтамасы жоқ, сонымен қатар жерді пайдалану немесе пайдаланбау фактісін анықтау үшін ешқандай өлшемшарттар жоқ. Осыған байланысты инспектордың, ал одан әрі сот алдында тексерілетін субъектінің қандай іс - әрекеттері жер учаскесін пайдалану, пайдаланбау туралы  деп айтуға болады деген сұрақ туындайды.

 

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс

 

Басшы

ның м.у.а. А.К. Байдюсенов

 

2025 жылғы 24 қаңтарға дейін

 

2

      ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен, атап айтқанда:

Жер кодексінің 92-бабына (немесе «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы) - қай алаңдағы жайылымдардың массивтері ұсақ контурлы (қосылған) болып саналады және жайылымдардың жалпы алаңына  түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасын айқындау кезінде  оларды назарға алмау туралы жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер кодексінің 92-бабына (немесе «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы) - қай алаңдағы жайылымдардың массивтері ұсақ контурлы (қосылған) болып саналады және жайылымдардың жалпы алаңына  түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасын айқындау кезінде  оларды назарға алмау туралы өзгерістер енгізу мүмкіндігін келесі негіздер бойынша қарап, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. сәйкес:  бір жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайызынан аз болған (пайдаланбау фактісін алғаш анықтау кезінен бастап) және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен алып қоюға жататынын жазу.

Осы баптың 4-тармағында былай делінген:  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді.

Түсінік немесе қандай да бір түсініктеме - қандай алқаптың жайылым алқаптары ұсақ контурлы (қосылған) деп саналуы ҚР «Жайылымдар туралы» Заңында да, Жер кодексінде де көрсетілмеген. Ал жайылымдар қосылып, бірнеше гектардан бірнеше ондаған, жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ал инспектор тексеруді жүзеге асырған кезде, өз қалауы бойынша, қандай контурды қосылған деп санауға және ескермеуге және қайсысы жоқ екенін анықтауға мәжбүр болады.

 

 

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс

 

Басшы

ның м.у.а. А.К. Байдюсенов

 

2025 жылғы 24 қаңтарға дейін

 

3

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 339-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы ұсыныспен жүгіну, атап айтқанда: «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылады. «Жеңілдететін мән-жайлар» не болып табылатынына анықтама беру.

 

 

 

 

 

«Әкім  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 339-бабына өзгерістер енгізу мүмкіндігін келесі негіздер бойынша қарау:

              «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес (жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамауы):

Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамауы келесіде көрінетін:

1) жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау, елді мекендердің жерлерінде – функционалдық аймаққа сай  пайдаланбау;

2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылмаған жағдайлар, - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осылайша, лауазымды тұлғаның әкімшілік жаза таңдауы бар, бұл факт Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғады.

 

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс

 

Басшы

ның м.у.а. А.К. Байдюсенов

 

2025 жылғы 24 қаңтарға дейін

 

4

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне келесі ұсыныспен: тексеру ашылған жағдайларда, өтініштерді кері қайтарып алуға тыйым салу туралы ҚР заңнамасына (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы ұсыныс енгізу,

ҚРКәсіпкерлікКодексінің144-бабының5-т.сәйкесөтініштер жоспардан тыстексерудітағайындауүшіннегіз болып табыладыжәне құқық бұзушылықфактісірасталғанжағдайда,соңғысыҚРЖеркодексінің168-бабына сәйкесзаңнамадакөзделгенжауаптылыққаәкеп соғады.

ҚР Әкімшілікрәсімдік-процестіккодексінің64-бабының9-т.сәйкес,егерҚРзаңдарындаөзгешекөзделмесе,өтініш беруші әкімшілікіс бойынша шешімқабылдағанғадейінмерзімдерсақталғанжағдайдаөтінішті кері қайтарыпала алады.

Өтініш беруші бұрын берген өтінішті қарауды тоқтату ықтимал құқық бұзушыны ҚР заңнамасында белгіленген (әкімшілік, тәртіптік) жауапкершіліктен алып кетуге мүмкіндік береді

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс

Басшы

ның м.у.а. А.К. Байдюсенов

2025 жылғы 24 қаңтарға дейін

 

5

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне мынадай ұсыныспен: ҚР заңнамасына (ҚР Жер кодексі, не Кәсіпкерлік Кодексі, не «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі) «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелері жол берген бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілеу қажеттілігі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы ұсыныс енгізу.

 

 

 

 

ҚРКә      Кәсіпкерліккодексінің152-бабының1-тармағынасәйкестексерунәтижелерібойыншабұзушылықтаранықталғанжағдайда,лауазымдытұлғаларанықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберугеміндетті.Бұл ретте, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады. (ҚРКәсіпкерліккодексінің152-бабының7-тармағы).

                          ҚР Жер кодексінің 94-бабының 2-т. жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін ғана нұсқамалардың орындалу мерзімдерін нақты белгілейді: «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім – бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымсыз пайдалануды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай болып белгіленеді».

                    Бірақ, жер құқықтық қатынастары саласындағы қолданыстағы НҚА «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелері жіберген бұзушылықтардың жою мерзімдерін регламенттемейді.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс

Басшы

ның м.у.а. А.К. Байдюсенов  

2025 жылғы 24 қаңтарға дейін

 

6

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне мынадай ұсыныспен:      ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу: 2023 жылғы 30 қарашадан  кешіктірмей Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ҚР заңнамасына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығымен бекітілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы: тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған субъектілерді, сондай-ақ  құқықтары оларға жатпайтын жер учаскелеріне және жылжымайтын объектілерге қабаттасумен шекара белгілеуге жол беретін жерге орналастырушы субъектілерді («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан  басқа)  бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау.

 

 

Мемлек    Мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жер мониторингі жөніндегі субъектілердің қызметіне бақылау субъектілері тек «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ және оның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары болып табылады, олар жерге орналастыру жобаларын әзірлейді және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізудің дұрыстығына жауапкершілікті мойнына алады.

                   Іс жүзінде «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ және олардың филиалдарынан басқа, жерге орналастыру жұмыстарын және әкімдіктің уәкілетті органы бекіткен жер комиссиясы мен жерге орналастыру құжаттамасымен келісілген жер учаскесінің орналасқан жеріне сәйкес келмейтін жер учаскесінің шекарасын белгілей алатын басқа да тұлғалар жүзеге асырады. Іс жүзінде жобалау ұйымдары («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-тан басқа) жер беру мүмкіндігі мен орнын айқындайтын мемлекеттің функцияларын иеленеді. 

Бірақ          Бірақ, қолданыстағыөлшемшарттарқұқықтарыөздерінетиесіліемеснемесебасқажеручаскелерініңқабаттасуынажүйелі түрде жол беретін жылжымайтын мүлік объектілері бойынша тапсырыс берушілердің пайдасына жер учаскелерініңшекараларынбелгілеугемүмкіндік беретін жерге орналастырушысубъектілерге(«Азаматтарғаарналғанүкімет»МК»КЕАҚ-тан басқа) бару арқылы профилактикалықбақылаутізімінеенгізугемүмкіндік бермейді.Соныменқатар, Департаментке жер учаскелерініңорналасуорындарыныңшекараларынбелгілеужәнеөзгертутуралышағымдаржүйелітүрде келіп түседі.Алсотталқылауыкезіндежосықсызжобалаушы ЖКнемесеЖШС-ніңжабылғанынемесе жоқ екені шығады.

Соны   Сонымен қатар,геодезиялықжәнекартографиялыққызметсубъектілерінің қызметіне геодезияжәнекартографиясаласындағытәуекелдердәрежесінбағалаудыңқолданыстағыөлшемшарттары бойынша өрескелбұзушылықтаргеодезияжәнекартографиясаласындағыгеодезиялықжәнекартографиялықжұмыстарды жүргізудің басталғанытуралыхабарламаның геодезиялық және картографиялықжұмыстар,аэротүсірілімжұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ геодезиялықпункттердібұзуғанемесе қайта салуға (ауыстыруға)  мүмкіндік беретін, геодезиялықжәне(немесе)картографияны орындауғамүмкіндік беретін тексерілген  аспаптардың,жабдықтармен құралдардың меншіктікнемесежалға алынған жиынтығыныңболмауынанғанатұрады.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс

Басшы

ның м.у.а. А.К. Байдюсенов  

2025 жылғы 24 қаңтарға дейін

 

7

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне мынадай ұсыныспен: ҚР заңнамасына (Жер кодексі, не Кәсіпкерлік Кодексі, не «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау, оған сәйкес жер заңнамасын бұзушылық іс жүзінде жойылмаған жағдайда, ол ұзаққа созылатын құқық бұзушылық ретінде айқындалатын болады ұсыныс енгізу.

7ҚР       Нұсқаманыорындамағаныүшінәкімшілікжауапкершіліккетартумүмкін емес, ҚР ӘҚБтК-нің 62-бабында айқындалғанәкімшілікжауаптылыққатартудың екі айлықмерзімініңөтуінебайланысты сотқа дейінгітәртіптісақтамаусебебіненобъектінісалуүшінпайдаланылмағанжеручаскесін алып қоюмүмкін емес.

                           ҚР Жер кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесін пайдалану бойынша шаралар қабылдау мерзімі 1 жылды құрайды, одан кейін 2 ай ішінде Департамент нұсқаманың орындалуына бақылау тексерісін жүргізуге және орындалмаған (тиісінше орындалмаған) жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске  ҚР ӘҚБтК-нің  462-бабы 3-т. бойынша  іс жүргізуді қозғауы және әкімшілік іс жүргізу материалдарын сот органдарына қарау үшін жолдауы міндетті.

                         Бірақ, аталған іс-шараларды 2 ай мерзімде өткізу келесі екі себеп бойынша мүмкін емес:

     1)Бақылаутексерісітуралыхабарлаудыңмүмкін еместігі.ҚРКәсіпкерлікКодексінің144-бабының4-т. сәйкес бақылау органыбақылаусубъектісінетексеружүргізудіңнысанасын көрсете отырып, бақылаутексерісінжүргізудіңбасталғанытуралыоныңбасталуынакеміндебіртәулік қалғанда хабарлауға міндетті.

     Қағазжеткізгіштегіхабарлама қолма-қол тапсырылады, тапсырылғаны туралыхабарламаменнеэлектрондықцифрлыққолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат арқылы,егерсубъект мұндаймекенжайдыбұрынбақылауорганынаұсынғанболса, бақылаужәнеқадағалаусубъектісініңэлектрондықпоштасыныңмекенжайы бойынша немесеөзге де қолжетімдітәсілментапсырылғанпоштажөнелтілімінысанындажіберіледі.

         Хабарламабланкісінтапсырутуралыхабарламасыбар тапсырысты почтажөнелтімдерісубъектініңжоқтығытуралыбелгісімен не мерзімінің аяқталғаны туралыбелгісімен жөнелтілгенсәттенбастап бір айөткенсоңқайтарылады.Бақылаусубъектісініңжоқтығын(ҚазақстанРеспубликасынантыс жерлерге шығу)ҚРҰҚКШекарақызметінің«Бүркіт»базасынананықтама арқылы растайды.

         2)Әкімшілікжауапкершіліккетартудың екі айлықмерзіміөткеннен кейін жүзеге асырылады.

        ҚР ӘҚБтК62-бабының1-т. сәйкес адамәкімшілік құқық бұзушылықжасалғанкүнненбастапекіайөткенсоңәкімшілікжауаптылыққатартылуғажатпайды.

       Құқық бұзушылықты жасаудың екі айлық мерзімінің басталуы нұсқаманы орындау мерзімінен кейінгі күн болып табылады.

         Хаттама жасау кезінде құқық бұзушылықты жасау басталуының екі ай мерзімі өткеннен кейін соттар  ҚР ӘҚБтК 62 - бабының 1-т. бойынша бұзушылықты, сонымен бірге Департамент жер учаскесін пайдалануға шаралар қолданбау ҚР ӘҚБтК-нің 62-бабы  3-т. сәйкес субъект жер учаскесін пайдаланбауды жалғастырғандықтан, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезден бастап соттар ӘҚБтК-нің 62-бабы 3-т. сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейтін ұзаққа созылған құқық бұзушылық ретінде саралануы тиіс деп санайды.

      Бұдан басқа, ҚРЖеркодексінің94-бабы 2-т. сәйкес құрылысқапайдаланылмайтынобъектінің жер учаскесінмәжбүрлеп алып қоюдың сотқа дейінгітәртібінсақтау-әкімшілікжазалау шараларын қолданушартыбелгіленген.

        (ОсыбөлімніңЕрекшебөлігініңбабындакөзделгенбелгілі бір іс-әрекеттің бірыңғайқұрамынүздіксізжүзеге асырумен сипатталатынжәнеоланықталғанкездеаяқталмаған құқық бұзушылық ұзаққа созылады деп танылады).

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс

Басшы

ның м.у.а. А.К. Байдюсенов  

2025 жылғы 24 қаңтарға дейін

 

 

«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
26 декабря 2024