«ҚР АШМ ЖРБК СҚО ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РММ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-де (бұдан әрі - Департамент) 2024 жылғы 25 қарашадағы № 57-н/қ бұйрық негізінде 2024 жылғы 11 ай мерзіміне (2024 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 30 қарашаға дейін) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Барынша объективті, жан-жақты талдау жасау мақсатында, Департамент қызметкерлерінен басқа, жұмыс тобының құрамына: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының ақпараттық жүйелерді жүргізу және сүйемелдеу бойынша басқарма басшысы К.К.Туружанов және Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы А. Ж. Кенбеилов енгізілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларының 11-тармағына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
ҚР Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес: егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады... .
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 31)тт. сәйкес:
- құрылыс қызметі (бұдан әрі-құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) қазіргі бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру) арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын аяқтаған объектілерді кейіннен кәдеге жарату.
Алайда, Жер кодексінде «жерді пайдаланбау» анықтамасы жоқ, сонымен қатар жерді пайдалану немесе пайдаланбау фактісін анықтау үшін ешқандай өлшемшарттар жоқ. Осыған байланысты инспектордың, ал одан әрі сот алдында тексерілетін субъектінің қандай іс - әрекеттері жер учаскесін пайдалану, пайдаланбау туралы деп айтуға болады деген сұрақ туындайды.
Ұсыным:
2025 жылғы 24 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен жүгіну:
- ҚР Жер кодексінің 12-бабы, не 92-бабына құрылысқа арналған жер учаскесін пайдалану (игеру) не болып табылады деген анықтама қосылсын.
- жер құқығы қатынастарының барлық субъектілерін мәні бірдей шарттарға келтіру мақсатында ҚР Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Егер құрылысқа және өзге де нысаналы мақсатқа арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаса (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе), онда мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады» … .
Осы баптың 4-тармағында былай делінген: жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді.
Түсінік немесе қандай да бір түсініктеме - қандай алқаптың жайылым алқаптары ұсақ контурлы (қосылған) деп саналуы ҚР «Жайылымдар туралы» Заңында да, Жер кодексінде де көрсетілмеген. Ал жайылымдар қосылып, бірнеше гектардан бірнеше ондаған, жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ал инспектор тексеруді жүзеге асырған кезде, өз қалауы бойынша, қандай контурды қосылған деп санауға және ескермеуге және қайсысы жоқ екенін анықтауға мәжбүр болады.
Ұсыным:
2025 жылғы 24 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен жүгіну:
Жер кодексінің 92-бабына (немесе «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы) - қай алаңдағы жайылымдардың массивтері ұсақ контурлы (қосылған) болып саналады және жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасын айқындау кезінде оларды назарға алмау.
Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамауы келесіде көрінетін:
1) жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау, елді мекендердің жерлерінде – функционалдық аймаққа сай пайдаланбау;
2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылмаған жағдайлар, - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осылайша, лауазымды тұлғаның әкімшілік жаза таңдауы бар, бұл факт Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғады.
Ұсыным:
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға 2025 жылғы 24 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 339-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы ұсыныспен жүгіну, атап айтқанда: «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылады. «Жеңілдететін мән-жайлар» не болып табылатынына анықтама беру.
ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ
«ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ өз қызметін 2022 жылғы 10 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін жүзеге асыруда.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 19 адамды құрайды, нақты -16, бос орындар – 3 (департамент басшысы, бас маман – 2 бірлік)
Осы ретте, басшылық құрамының саны – 5 (департамент басшысы, басшының орынбасары, 3 бөлім басшысы), басшылық емес (бас мамандар) – 14.
2024 жылғы 01 қаңтар мен 2024 жылғы 01 желтоқсан аралығындағы мерзімде таза ауысымдылық 2 бірлікті (департамент басшысы, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы) құрады.
Жоғарыда көрсетілген кезеңде Департаменттің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың екеуіне ескерту түріндегі (А.С. Манина және Р.Ж. Аубакиров - жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас мамандары) және 3 қызметкерге (Д.А. Кабикенов жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы екі рет және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы –А.К. Байдюсенов) сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы Д.А.Кабикеновке қызметіне толық емес сәйкестігі туралы жаза салынды.
Екі тәртіптік жаза - жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас мамандары: А.С. Манина мен Д.А.Кабикеновтен мерзімінен бұрын алынды.
ҚР заңнамасы бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында, Департамент басшылығымен жұмыс кеңестерінде барлық заңнамалық нормаларды сақтау туралы нұсқаулықтар беріліп отырады. Қызметкерлер өз қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісті түрде орындамауы үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік көтеретіні жөнінде ескертілген.
Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімімен тұрақты негізде қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқытулар өткізіледі.
Жалпы алғанда, жағымсыз үрдістер анықталған жоқ, кадрлардың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысына және жұмыс көлемділігіне байланысты қанағаттанбаушылықтан туған жоғары тұрақтамаушылығы бар, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу және мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Лауазымға қабылдау кезінде қызметкерлер шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелерге қол қояды.
Ұсыным: Департаменттің тиімді жұмысы және кадрлардың ауысымдылығын төмендету мақсатында, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын ұлғайту мүмкіндігін және мемлекеттік инспекторлардың бірлігін арттыруды қарастыру қажет.
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ
Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) жасау фактілері анықталған жоқ.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ
«ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
РҰҚСАТ БЕРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің рұқсат беру функциялары жоқ.
III. БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
Департамент талданып отырған кезеңде өтініштер бойынша 153754,18530 га алаңда 235 тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша 129756,65720 га алаңда 143, оның ішінде: 74 - жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қатысты тексеру нәтижелері бойынша бұзушылық анықталды.
128 нұсқама, оның ішінде 41-і 129732,0 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша және 13 нұсқама алаңы 12,3 га елді мекендердің жерлері бойынша берілді.
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушылықтарын іс жүзінде жоюды бақылауды жүзеге асыру тәртібімен, облыс прокуратурасының талабы негізінде жер заңнамасы талаптарын, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ҚР ӘҚБтКо 462-бабы 3-б. бойынша қарау нәтижелері бойынша соттар жалпы сомасы 1181,44 мың теңгеге 4 айыппұл салды.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша:
- талданған кезеңге жерлерді мәжбүрлеп алып қою бойынша алаңы 129 877 га 14 талап арыз берілді, оның ішінде 61546 га (47004 га егістік және 14542 га жайылым) 8 талап қанағаттандырылды, 2342 га алаңда (125 га егістік және 2217 га жайылым) 1 талапты қанағаттандыруға бас тартылды, алаңы 65989 га (7195 га егістік және 58794 га жайылым) 5 талап арыз қараусыз қалдырылды.
-ЖАО-ның заңсыз қабылданған шешімдері негізінде жалпы алаңы 0,2744 га 4 жер учаскесі бойынша мәмілелер жарамсыз деп танылып, күшін жойды.
Өтінішті кері қайтарып алу немесе қарауды тоқтату
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес өтініштер жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады және құқық бұзушылық фактісі расталған жағдайда, соңғысы ҚР Жер кодексінің 168-бабына сәйкес заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-бабының 9-тармағына сәйкес, егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылдағанға дейін мерзімдер сақталған жағдайда өтінішті кері қайтарып ала алады.
Өтініш берушімен бұрынберілгенөтініштіқараудытоқтатуәлеуетті құқық бұзушыныҚРзаңнамасындабелгіленген(әкімшілік,тәртіптік)жауапкершіліктен алып кетугемүмкіндік береді.
Ұсыным: 2025 жылғы 24 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне келесі ұсыныспен жүгінуге болады: тексеру ашылған жағдайда, өтініштерді қайтарып алуға тыйым салу туралы ҚР заңнамасына (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау.
Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты.
Жерге орналастыру жобаларын әзірлейтін және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізудің анықтығы үшін жауапты болатын «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ және оның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары ғана мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бақылау субъектілері болып табылады.
Іс жүзінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ және олардың филиалдарынан басқа, жер комиссиясының және әкімдіктің уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру құжаттамасымен келісілген орналасу орнына сәйкес емес жер учаскесінің шекарасын белгілей алатын жерге орналастыру жұмыстарын және басқа да адамдар жүзеге асырады. Іс жүзінде жобалау ұйымдары («Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ басқа) өздеріне жер беру мүмкіндігі мен орнын айқындайтын мемлекет функцияларын иеленеді.
Бірақ, қолданыстағы өлшемшарттар жерге орналастырушы субъектілерге («Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ басқа) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік бермейді, олар құқықтары өздеріне тиесілі емес жылжымайтын мүлік объектілері астындағы тапсырыс берушілердің пайдасына жер учаскелерінің шекараларын белгілеуге жол береді не басқа жер учаскелерін салуға жүйелі түрде жол береді. Сонымен қатар, Департаментке жобалау ұйымдарының жер учаскелері орналасқан жердің шекараларын қабаттасуы және өзгертуі туралы жүйелі түрде шағымдар келіп түседі. Ал сот талқылаулары кезінде жосықсыз жобалаушы-ЖК немесе ЖШС жабылды және енді жоқ екендігі анықталады.
Бұдан басқа, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметіне геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың қолданыстағы өлшемшарттары бойынша өрескел бұзушылықтар геодезия және картография саласындағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізудің басталғаны туралы хабарлама, геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құрал-саймандар жиынтығы, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат болмаған кезде ғана жасалады.
Ұсыным:
2025 жылғы 24 қаңтардан кешіктірмей Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ҚР заңнамасына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығымен бекітілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы: тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған субъектілерді, сондай-ақ құқықтары оларға жатпайтын жер учаскелеріне және жылжымайтын объектілерге қабаттасумен шекара белгілеуге жол беретін жерге орналастырушы субъектілерді («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан басқа) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін ұсыныспен жүгіну.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдарымен, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелерімен жіберген бұзушылықтарды жою мерзімі НҚА-мен реттелмеген
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 1-тармағына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды тұлғалар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге міндетті. Бұл ретте, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнге айқындалады (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 7-т.).
ҚР Жер кодексінің 94-бабының 2-т. жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін ғана нұсқамалардың орындалу мерзімдерін нақты белгілейді: «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау мерзімі бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған кезден бастап үш ай белгіленеді».
Бірақ, жер құқықтық қатынастары саласындағы қолданыстағы НҚА «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелері жіберген бұзушылықтарды жою мерзімдерін регламенттемейді.
Ұсыным:
2025 жылғы 24 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелерімен жол берген бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілеу қажеттігі туралы ҚР заңнамасына (Жер кодексі, не Кәсіпкерлік Кодексі, не «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасай отыра жүгіну.
Нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартудың екі айлық мерзімінің өтуіне байланысты, әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін еместігі
ҚР ӘРПК-нің 62-бабында айқындалған әкімшілік жауаптылыққа тартудың екі айлық мерзімінің өтуіне байланысты, нұсқаманы орындамағаны үшін сотқа дейінгі тәртіпті сақтамау себебінен объектіні салу үшін пайдаланылмаған жер учаскесін алып қою, әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін емес.
ҚР Жер кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесін пайдалану бойынша шаралар қабылдау мерзімі 1 жылды құрайды, одан кейін 2 ай ішінде Департамент нұсқаманың орындалуына бақылау тексерісін жүргізуге және орындалмаған (тиісінше орындалмаған) жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-т. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауға және туралы және әкімшілік іс жүргізу материалдарын сот органдарына қарау үшін жолдауға міндетті.
Бірақ аталған іс-шараларды 2 ай мерзімде өткізу келесі екі себеп бойынша мүмкін емес:
2)ҚРКәсіпкерлікКодексінің144-бабының4-тармағына сәйкес бақылау органыбақылаусубъектісінетексеружүргізудіңнысанасын көрсете отырып, бақылаутексерісінжүргізудіңбасталғанытуралыоныңбасталуынакеміндебіртәулік қалғанда хабарлауға міндетті.
Қағаз жеткізгіштегі хабарлама қолма-қол, тапсырылғаны туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат арқылы тапсырылады, егер мұндай мекенжайды субъект бұрын бақылау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайы бойынша немесе өзге де қолжетімді тәсілмен тапсырылған пошта жөнелтілімі нысанында жіберіледі.
Хабарламабланкісінтапсырутуралыхабарламасыбар тапсырысты почтажөнелтімдерісубъектініңжоқтығытуралыбелгісібарне мерзімінің аяқталғаны туралыбелгісімен жөнелтілгенсәттенбастап бір айөткенсоңқайтарылады.
Бақылаусубъектісініңжоқтығын(ҚазақстанРеспубликасынантыс жерлерге шығу)ҚРҰҚКШекарақызметінің«Бүркіт»базасыныңанықтамасырастайды.
2)Әкімшілікжауапкершіліккетартудың екі айлықмерзіміөткеннен кейін жүзеге асырылады.
ҚР ӘРПК62-бабының1-т. сәйкес адамәкімшілік құқық бұзушылықжасағанкүнненбастапекіайөткенсоңәкімшілікжауаптылыққатартылуғажатпайды.
Құқық бұзушылықты жасаудың екі айлық мерзімінің басталуы нұсқаманы орындау мерзімінен кейінгі күн болып саналады.
Хаттама жасау кезінде құқық бұзушылықты жасау басталуының екі ай мерзімі өткеннен кейін соттар ҚР ӘРПК-нің 62 - бабы 1-тармағын бұзуды қарайды.
Сонымен қатар, Департамент жер учаскесін пайдалануға шаралар қолданбау үшін соттар ҚР ӘРПК 62-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай ішінде субъект жер учаскесін пайдаланбауды жалғастырғандықтан ҚР ӘРПК 62-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейтін ұзаққа созылған құқық бұзушылық ретінде саралануы тиіс деп санайды.
Бұдан басқа,ҚРЖеркодексінің94-бабының 2-т. құрылысқапайдаланылмайтынобъектінің жер учаскесінмәжбүрлеп алып қоюдың сотқа дейінгітәртібінсақтау - әкімшілікжазалау шараларын қолданушартыбелгіленген.
(Осы бөлімнің Ерекше бөлігінің бабында көзделген белгілі бір іс-әрекеттің бірыңғай құрамын үздіксіз жүзеге асырумен сипатталатын және ол анықталған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық ұзаққа созылады деп танылады).
Ұсыным: 2025 жылғы 24 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен жүгінуге болады: Қазақстан Республикасының заңнамасына (Жер кодексі, не Кәсіпкерлік Кодексі, не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау, оған сәйкес жер заңнамасы бұзылған жағдайда, ол іс жүзінде жойылмаған жағдайда ұзаққа созылған құқық бұзушылық ретінде анықталатын еді.
ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілерге және техникалық персоналға мемлекеттік мерекелер құрметіне орай сыйлықақы беру қаржыландыру жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен жалпы сомасы 19 942 362,52 теңгеге 7 рет жүргізілді, сондай-ақ 2 қызметкерге бір оклад мөлшерінде сомасы 235 923,42 теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Тәртіптік жазасы бар тұлғаларға сыйлықақы беру фактілері жоқ.
Сыйлықақы әр қызметкерге біркелкі мөлшерде жүзеге асырылады.
2024 жылы 34 456 386,08 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алулар жүргізілді, нәтижесінде 51 келісімшарт, оның ішінде:
2 795 839,13 мың теңге сомасына баға ұсыныстарын сұрату әдісімен 25 келісімшарт;
Өткізілмеген сатып алулар үшін бір көзден 8 170 803,48 мың теңге сомаға 12 келісімшарт;
1 554 867,6 мың теңге сомаға келісімшартты бір көзден тікелей жасасу жолымен 4 келісімшарт жасалды.
3 510 139,49 мың теңге сомасына рамалық келісімшартты пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі 3 шарт.
5 568 240,38 мың теңге сомасына алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс шартымен 4 шарт.
12 856 496 мың теңге сомасына ашық конкурста 3 шарт жасалды.
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ
2024 ж. 01.01. - 2024 ж. 30.11. аралығындағы кезеңде жеке және заңды тұлғалардан барлығы - 448 өтініш түсті, бұл 2023ж. – 417 сол мерзімге 65%-ға артық, оның ішінде
келіп түскен өтініштер саны артты- 391 (2023ж.-321),
шағымдар – 32 (40% - ға артты) 2023 жылы-13,
ұсыныстар, сұраулар, хабарламалар, жауаптар-74 (11% - ға төмендеу) 2023 жылы -83.
2024 жылдың 11 айында Департамент 321 өтінішті қарады, 2023 жылдың осы кезеңінде-340 және келесі шешімдер қабылданды:
- 159 өтініш бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылданды, ал 2023 жылы - 136
- 2024 жылы ауыртпалық әкімшілік акт қабылданған өтініштер саны - 68, 2023 жылы 78,
-өтініш берушіге 36 өтініш бойынша жауап берілді, 2023 жылы- 60,
-өтініш берушінің өтінішхаты негізінде қарау тоқтатылды және назарға алынды 2024 жылы-29 өтініш, 2022 жылы-22 өтініш.
Департамент құзыреті бойынша 11 өтініш жолдады (2022 жылы -76)
Өтініштерде баяндалған негізгі мәселелер-жер учаскелерін берудің немесе беруден бас тартудың заңдылығына тексеру жүргізу, сондай-ақ бұзушылықтарды жоюға байланысты жер учаскелерінен ауыртпалықты алып тастау.
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫМ:
- «ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сі талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін бірлескен жұмыс барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарын әзірлесін және бекітсін.
Жұмыс тобының жетекшісі:
|
1.Уразамбетов Абзал Кайрлович |
- |
құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы; |
|
Жұмыс тобының хатшысы:
|
|
|
|
2. Кабикенов Даниал Акжаикович |
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
|
|
3. Микотина Ирина Геннадьевна |
- |
Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы
|
|
4. Манина Алёна Станиславовна |
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы
|
|
5. Абильмажинова Ляззат Шайкеновна
6. Кенбеилов Айдос Жанашұлы |
|
құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы СҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
|
|
|
|
|
7. Туружанов Копеш Кайиржанович
|
|
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының ақпараттық жүйелерді жүргізу және сүйемелдеу бойынша басқарма басшысы |
Келісілді:
Байдюсенов Айтпай
Кабиденович ______________ «ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын
басқару департаменті» РММ-нің
басшысының м.у.а.