Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті(әрі қарай – Департамент) РММ-де
өткізілген жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Орал қаласы 2024 жыл 7 қараша
Төрағалық еткен: Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Б.Есенгалиев
Хатшы: Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру бөлім басшысының міндетін атқарушы Ф.Каженова
Қатысқандар: Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшылары және бас мамандары.
Күн тәртібі:
Департамент қызиетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай - СЖТІТ) нәтижелерінің жария талқылауын өткізу
(Б.Есенгалиев)
Департамент басшысы Б.Есенғалиевтың 2024 жылғы 6 қыркүйек күнгі №27-НҚ бұйрығына сәйкес 14.10.2024 – 14.11.2024 жыл аралығында Департамент 2024 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 7 қараша аралығы кезеңін қамтитын персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы және бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын мәселелерге талдау, бақылау функцияларын іске асыру және өзге де мәселелер бойынша СЖТІТ жүргізілді.
Аталған талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М.Б. Теміржановтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30.12. №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныс (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныс) негіздерінде жүргізілді.
СЖТІТ келесі:
1) объективтілік;
2) шынайылық;
3) ашықтық;
4) жан-жақтылық принциптерінде жүргізіледі.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне және ӘҚБтК-не сәйкес жерді пайдалану мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi: мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2022 жылғы 8 ақпандағы №1410-1926-01-ММ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-департамент) туралы ережесіне сәйкес, Департаментте штат саны - 17 бірлік.
2024 жыл бойынша:
Кадрлық алмасушылығы – 17,6%, - таза алмасушылық 5,8 % құрады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша: 3 адам біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Кіріс құжаттар- 2182, шығыс құжаттар -1651 хатқа жауап берілген.
Азаматтардың өтініштерін қарау бойынша барлығы 353 өтініш келіп түскен. Оның 332-і қаралған, 134-басқа мекемеге құзыреттілігі бойынша жолданған, 16-орындалуда,
Сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмаған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 339-бабында «Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы» жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе ескерту жасауға әкеп соғады» делінген.
Осыған байланысты Бөлімнің мемлекеттік инспекторларына айыппұлмен ескерту түріндегі әкімшілік жазаны қолдану барысында таңдау қалдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған бабына тиесілі өзгеріс енгізу арқылы ескерту немесе айыппұл салу түрінің біреуін қалдыру ұсынылды.
Қызмет барысында кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу.
ҚР Жер Кодексінің 92-бабының 2-тармағында «егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жататын болып белгіленсе, 94-бабының 2-тармағына сәйкес «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану үшін мерзімі – бір жыл болып белгіленген.
Заңда жер учаскесін игеріп пайдаланудың нақты критерийлері жазылмаған. Сол себепті Департамент инспекторларының тексеру нәтижесінде берген қортындыларына шағымдануы орын алған. Болашақта осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында құрылысқа берілген жер учаскелерін игеру мерзімін кезең-кезеңге бөліп нақтылап көрсету жөнінде қолданыстағы Жер кодексінің 92-бабына толықтырулар енгізуді ұсынады. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Департамент бөлім басшыларына жүктелсін.
Төрағалық етуші Б.Есенгалиев
Хатшы Ф. Каженова