Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілуі туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті 2024 жылдың 07 қарашасында сағат 15:00-де Орал қаласы Сарайшық көшесі №47, 2 қабат №7 кабинет мекен-жайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау өткізетіндігін хабарлайды.

Өткізілетін талқылауға қоғамнан және қоғамдық кеңестерден қатысуға ниет білдірген, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар болған жағдайда, zkozem@mail.kz электрондық мекен-жайына жіберулеріңізге болады.

Дата публикации
06 ноября 2024