Ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті 2024 жылдың 7 қарашасында сағ. 16.00 – де Тараз қаласы Қазыбек би 2-бұрылысы №26, 2 қабат №205 кабинет мекенжай бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы талдамалық талқылау өткізілетіндігін хабарлайды.

Өткізілетін талқылауға қоғамнан және қоғамдық кеңестерден қатысуға ниет білдірген, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар болған жағдайда, оларды taraz.zem@minagri.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберулеріңізге болады.

Дата публикации
31 октября 2024