Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды
Кəсіпорынның атауы мен мекенжайы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны, 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Манас көшесі 42/56, байланыс телефоны: 8 (7172)74-08-39.
Кəсіпорынның негізгі қызметі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аэро- және ғарыштық түсірулер негізіндегі жоспарлы-картографиялық материалға, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: геодезия және картография, жерге орналастыру, топырақтану, кадастр, агрономия, мелиорация, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қорғау.
Кәсіпорын бейініне сәйкес келетін қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дəрігерлік кəсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті, 010000, Астана қаласы, Мəңгілік Ел даңғылы 8, 3 - кіреберіс, электронды мекенжай: myrzalina.zh@minagri.gov.kz, анықтама телефоны: 8(7172) 74-97-26.