Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның атауы мен мекенжайы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 25, байланыс телефоны: 8 (7172)74-08-39.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: жер сапасын есепке алу, оның ішінде оларды экономикалық бағалау және жер мониторингін жүргізу, топырақ, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулер жүргізу және топырақты бағалау болып табылады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жерге орналастыру; топырақтану және агрохимия; мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қорғау; кадастр; бағалау, геоботаника саласындағы жоғары білім, мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабнда көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел-10, 14 кіреберіс, электронды мекенжай: myrzalina.zh@minagri.gov.kz, анықтама телефоны: 8(7172) 74-08-83.