Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті (әрі қарай - Департамент) басшысы Б.Есенғалиевтың 2023 жылғы 6 қазан күнгі №53-НҚ бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдауының мәні:
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы және бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын мәселелерге талдау;
2) Бақылау функцияларын іске асыру;
3) Өзге де мәселелер.
Талдауды жүргізу уақыты: 16.10.2023 – 27.10.2023 жж.
Талдауды жүргізу кезеңі: 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 27 қазан аралығы
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне және ӘҚБтК-не сәйкес жерді пайдалану мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi: мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2022 жылғы 8 ақпандағы №1410-1926-01-ММ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-департамент) туралы ережесіне сәйкес, Департаментте штат саны - 13 бірлік.
2023 жыл бойынша:
4 жалпы конкурс өткізілді;
2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды (түрлі себептермен);
2 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органға жұмысқа ауысты;
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептерімен қызметкерлер босатылғандар болған жоқ.
Кадрлық алмасушылығы – 30,7 % - таза алмасушылық 15,4 % құрады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша: 2 адам қайта даярлау, 3 адам біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Кіріс құжаттар – 1950, шығыс құжаттар – 2090 хат ретінде тіркелген.
Азаматтардың өтініштерін қарау бойынша барлығы 323өтініш келіп түскен. Оның 286-сы қаралған, 98 өтініш басқа мекемеге құзыреттілігі бойынша жолданған, 31-і орындалуда.
Сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 339-бабында «Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы» жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе ескерту жасауға әкеп соғады» делінген.
Сондай жағдай Кодекстің 138-бабының 1-тармағында, 338 және 340-баптарында да қайталанады.
Осыған байланысты Бөлімнің мемлекеттік инспекторларына айыппұлмен ескерту түріндегі әкімшілік жазаны қолдану барысында таңдау қалдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған бабына тиесілі өзгеріс енгізу арқылы ескерту немесе айыппұл салу түрінің біреуін қалдыру ұсынылды.
Қызмет барысында кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу.
ҚР Жер Кодексінің 92-бабының 2 тармағында «егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жататын болып белгіленсе, 94-бабының 2-тармағына сәйкес «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану үшін мерзімі – бір жыл болып белгіленген.
Заңда жер учаскесін игеріп пайдаланудың нақты критерийлері жазылмаған. Сол себепті Департамент инспекторларының тексеру нәтижесінде берген қортындыларына шағымдануы орын алған. Нәтижесінде соттар жер учаскелерін мәжбүрлеп қайтару бойынша Департамент тарапынан негізсіз талап қойылған деп бағаланып, Депаратмент атына жеке ұйғарым шығарылады.
Болашақта осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында құрылысқа берілген жер учаскелерін игеру мерзімін кезең-кезеңге бөліп нақтылап көрсету жөнінде қолданыстағы Жер кодексінің 92-бабына толықтырулар енгізуді ұсынады. Департамент аталған мәселені шешу мақсатында Батыс Қазақстан облыс әкімдігіне ықпал жасауды сұрап ұсыныс түсірген болатын. Әкімдік өз тарапынан Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне хат жолдады.
Жердің пайдаланылуы
мен қорғалуынмемлекеттік
бақылау бөлімінің басшысы Мукаев А.А.
Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету
Бөлімінің басшысы Көшекова Ұ. Ж.
Жер мониторингі,
есепке алу және талдау
бөлімінің басшысы Длимова Ә.Қ.