«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ-ндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

БЕКІТЕМІН

 «ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ басшысы

Б.С.  Бекиш ________________

 2023 жылғы «_____» ____________

 

 

«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ-ндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

р/с

Сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының қорытындысы бойынша үсынымдар

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

 

2

3

4

5

Департамент қызметіне қатысты  нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық  тәуекелдері

1

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 11-тармағының 2-тарауынан атап айтқанда: «Жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша» ұғымын  алып тастау.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 11-тармағының 2-тарауына өзгеріс енгізу мүмкіндігін келесі негіздер бойынша қарау:

 ҚР Жер кодексінің 97-бабы 4-т. сәйкес: ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.

 Жайылым – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда, жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға рұқсат етіледі.

ҚР Жер кодексінің  92-бабы 4-т. 3)тт. нормаларына сәйкес келесі: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:

 жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы  белгіленген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидалары  2-тарауының  4,5-тармақтарына сәйкес:

 4.Жайылымдарды пайдалану кезінде жайылымды пайдаланушы жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарларының болуын дербес қамтамасыз етеді.

5. Жүктеме нормасын қамтамасыз ету мақсатында жайылым пайдаланушының пайдалануындағы ауыл шаруашылығы жануарларының басы, жайылымдардың оты-суының молдығы туралы деректер пайдаланылады.

     Жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша жерді қашықтықтан зондтауды жүргізу сәтіндегі деректер қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 7-тармағында: жайылымдарды пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өндірушісі жүктеме нормасының кемінде жиырма пайызынан кем емес және одан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарларының болуын қамтамасыз ететіні жазылған.

            Осылайша, ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз етуде жайылымдық пайдаланушының міндетін бекіту кезінде жоғарыда көрсетілген нормалармен жайылымдық алқаптардың орналасқан жеріне «байлау» көрсетілмеген.

Осыған  қарамастан, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес: ауыл шаруашылығы өндірушісі мал шаруашылығы мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының:

      1) жүктеме нормасының кемінде 20 пайызы;

      2) жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде болуын қамтамасыз етеді.

Көрсетілген Қағиданың 11-тармағы жоғарыда сипатталған нормаларды пайдалану кезінде айқындығы жоқ  түсінік деп пайымдаймыз.

Шын мәнінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін нысаналы мақсатымен  субъектілерге жайылымдар беру кезінде - жайылымды пайдаланушының ауыл шаруашылығы жануарларының болуын қамтамасыз ету міндеті белгіленген, бұл жайылымды пайдаланушының мақсаты   мал шаруашылығы екенін білдіреді.

«Жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша» өлшемшарты  да нақтыланбаған. Ауыл шаруашылығы жануарларының қай жерде, жайылымдар орналасқан бір ауылдық округте, бір ауданда немесе бір облыста болуын қамтамасыз ету қажет екені белгісіз?

Сондай-ақ, жайылымды пайдаланушының бір ауылдық округтің, ауданның аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу, ұстау, ал басқа ауылдық округтің, ауданның аумағында жайылымдық жерлерге ие болу және жемшөп дайындау мақсатында шөп шабумен айналысу құқығын шектеу тиімсіз деп санаймыз.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс

Микотина И.Г.–

бөлімінің басшысы

2023  

жылғы

30 қарашаға дейін

2

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу: «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. өзгеріс енгізу, атап айтқанда «екі жыл бойы» дегенді «бір жыл бойына» ауыстыру.

 

 

 

«Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарау, атап айтқанда «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. «екі жыл бойы»  дегенді «бір жыл бойына» ҚР Жер кодексінің 92-бабы 3-т. сәйкес келесі негіздер бойынша ауыстыру

ҚР Жер кодексінің 92-бабы 3-т. сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бір жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

ҚР Жер кодексінің 92-бабы 4-т. 3)тт. негізінде: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:

3) жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жатады.

 Сонымен қатар, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. екі жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болған және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен алып қоюға жатады.

 Жер кодексінің және «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының жоғарыда аталған нормалары қарама-қайшы деп санаймыз.

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс

Микотина И.Г.–

бөлімінің басшысы

2023  

жылғы

30 қарашаға дейін

3

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу: Жер кодексінің 92-бабына (немесе «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы) - қай алаңдағы жайылымдардың массивтері ұсақ контурлы (қосылған) болып саналады және жайылымдардың жалпы алаңына  түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасын айқындау кезінде  оларды назарға алмау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Жер кодексінің 92-бабына («Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабына)  толықтыру енгізу мүмкіндігін қарау, атап айтқанда: «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. сәйкес:  екі жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болған және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен алып қоюға жатады.

Осы баптың 4-тармағында былай делінген:  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді.

Түсінік немесе қандай да бір түсініктеме - қандай алқаптың жайылым алқаптары ұсақ контурлы (қосылған) деп саналуы ҚР «Жайылымдар туралы» Заңында да, Жер кодексінде де көрсетілмеген. Ал жайылымдар қосылып, бірнеше гектардан бірнеше ондаған, жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ал инспектор тексеруді жүзеге асырған кезде, өз қалауы бойынша, қандай контурды қосылған деп санауға және ескермеуге және қайсысы жоқ екенін анықтауға мәжбүр болады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс

Микотина И.Г.–

бөлімінің басшысы

2023  

жылғы

30 қарашаға дейін

4

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 338-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы ұсыныспен жүгіну, атап айтқанда: «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылады. «Жеңілдететін мән-жайлар» не болып табылатынына анықтама беру.

 

 

 

 

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 338-бабына  өзгерістер енгізу туралы  мүмкіндігін қарау, атап айтқанда  «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылатынын көздеу, сондай-ақ мынадай негіздер бойынша «жеңілдететін мән-жайлар»не екенін айқындау:

            Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –

 ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осылайша, лауазымды тұлғаның әкімшілік жаза таңдауы бар, бұл факт Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс

Микотина И.Г.–

бөлімінің басшысы

2023  

жылғы

30 қарашаға дейін

БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН  ІСКЕ АСЫРУ

 

5

      ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу: 2023 жылғы 30 қарашадан  кешіктірмей Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ҚР заңнамасына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығымен бекітілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы: тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған субъектілерді, сондай-ақ  құқықтары оларға жатпайтынжер учаскелеріне және жылжымайтын объектілерге қабаттасумен шекара белгілеуге жол беретін жерге орналастырушы субъектілерді («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан  басқа)  бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін ұсыныспен жүгіну:.

 

Жер құқықтық қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану мен қорғаудағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығымен бекітілген  тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған субъектілерді, сондай-ақ жер орналастырушы субъектілерді («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан басқа) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін, олардың құқықтары басқа жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілеріне қосарлы шекараларды белгілеуге мүмкіндік келесі негіздер бойынша:

Жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерді пайдалануы мен қорғауы үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 5-т., 11-т. сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығымен бекітілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін қалыптастыру субъектілерді объективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің жоғары дәрежесіне және субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіштеріне жатқызу кезінде жүзеге асырылады.

Бірақ, қолданыстағы өлшемшарттар тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған субъектілерді бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік бермейді, өйткені құқық бұзушылар объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары дәрежесіне жатпайды.

Жерге орналастыру жобаларын әзірлейтін және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізудің анықтығы үшін жауапты болатын «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ және оның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары ғана мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бақылау субъектілері болып табылады.

Іс жүзінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ  және олардың филиалдарынан басқа, жер комиссиясының және әкімдіктің уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру құжаттамасымен келісілген орналасу орнына сәйкес емес жер учаскесінің шекарасын белгілей алатын жерге орналастыру жұмыстарын және басқа да адамдар жүзеге асырады. Іс жүзінде жобалау ұйымдары («Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ  басқа) өздеріне жер беру мүмкіндігі мен орнын айқындайтын мемлекет функцияларын иеленеді.

Бірақ, қолданыстағы өлшемшарттар жерге орналастырушы субъектілерге («Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ  басқа) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік бермейді, олар құқықтары өздеріне тиесілі емес жылжымайтын мүлік объектілері астындағы тапсырыс берушілердің пайдасына жер учаскелерінің шекараларын белгілеуге жол береді не басқа жер учаскелерін салуға жүйелі түрде жол береді. Сонымен қатар, Департаментке жобалау ұйымдарының жер учаскелері орналасқан жердің шекараларын қабаттасуы және өзгертуі туралы жүйелі түрде шағымдар келіп түседі. Ал, сот талқылаулары кезінде жосықсыз жобалаушы-ЖК немесе ЖШС жабылғаны және енді жоқ екендігі анықталады.        

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс

Байдюсенов А.К.–

бөлімінің басшысы

2023  

жылғы

30 қарашаға дейін

 

 

 

6

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу: ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы  келесі: «жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау».

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-т. .«Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау»  өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарау.

Пайдаланылмайтын және бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыздар әкімшілік жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзушылықтарын  жою туралы нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін қойылады.

Бірақ, 2023 жылғы 01.01. өзгерістер күшіне енгеннен кейін ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормалары (144-баптың 5-т.) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуына тексеру жүргізу үшін негіздемелерді көздемейді. Бұл өзгерістер пайдаланылмайтын және бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюға кедергі келтіреді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс

Байдюсенов А.К.–

бөлімінің басшысы

2023  

жылғы

30 қарашаға дейін

 

 

 

7

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс енгізу: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелерімен жол берген бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілеу қажеттігі туралы ҚР заңнамасына (Жер кодексі, не Кәсіпкерлік Кодексі, не «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасай отыра.

ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарау:  «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелерімен жол берген бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілеу қажеттігі туралы ҚР заңнамасына (Жер кодексі, не Кәсіпкерлік Кодексі) ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-1-бабының 3-тармағына сәйкес бұзушылықтарды жою мерзімі оларды орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайларды ескере отырып айқындалады.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 1-тармағына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды тұлғалар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге міндетті.  Бұл ретте, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнге айқындалады (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-1-бабының 3-т.).

ҚР Жер кодексінің 94-бабының 2-тармағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін ғана нұсқамалардың орындалу мерзімдерін нақты белгілейді: «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау мерзімі бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған кезден бастап үш ай белгіленеді».

Бірақ, жер құқықтық қатынастары саласындағы қолданыстағы НҚА «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелері жіберген бұзушылықтарды жою мерзімдерін регламенттемейді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетіне үсыныс

Байдюсенов А.К.–

бөлімінің басшысы

2023  

жылғы

30 қарашаға дейін

 

 

 

 

«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті»РММ-ндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
20 ноября 2023