«ҚР АШМ ЖРБК СҚО ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РММ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-де (бұдан әрі - Департамент) 2023 жылғы 06 қазандағы № 56-н/қ бұйрық негізінде 2023 жылғы 10 ай мерзіміне (2023 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 31 қазанға дейін) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Барынша объективті, жан-жақты талдау жасау мақсатында, Департамент қызметкерлерінен басқа, жұмыс тобының құрамына: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының ақпараттық жүйелерді жүргізу және сүйемелдеу бойынша басқарма басшысы К.К.Туружанов және Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы А. Ж. Кенбеилов енгізілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларының 11-тармағына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
Жүргізілетін тексерулердің басым бөлігі - бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану, атап айтқанда жайылымдарды пайдалану бойынша тексерулер.
ҚР Жер кодексінің 97-бабы 4-т. сәйкес: ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Жайылым – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда, жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға рұқсат етіледі.
ҚР Жер кодексінің 92-бабы 4-т. 3)тт. нормаларына сәйкес келесі: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:
жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы белгіленген.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидалары 2-тарауының 4,5-тармақтарына сәйкес:
Жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша жерді қашықтықтан зондтауды жүргізу сәтіндегі деректер қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 7-тармағында:
Жайылымдарды пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өндірушісі жүктеме нормасының кемінде жиырма пайызынан кем емес және одан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарларының болуын қамтамасыз ететіні жазылған.
Осылайша, ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз етуде жайылымдық пайдаланушының міндетін бекіту кезінде жоғарыда көрсетілген нормалармен жайылымдық алқаптардың орналасқан жеріне «байлау» көрсетілмеген.
Осыған қарамастан, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес: ауыл шаруашылығы өндірушісі мал шаруашылығы мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының:
1) жүктеме нормасының кемінде 20 пайызы;
2) жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде болуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген Қағиданың 11-тармағы жоғарыда сипатталған нормаларды пайдалану кезінде айқындығы жоқ түсінік деп пайымдаймыз.
Шын мәнінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін нысаналы мақсатымен субъектілерге жайылымдар беру кезінде - жайылымды пайдаланушының ауыл шаруашылығы жануарларының болуын қамтамасыз ету міндеті белгіленген, бұл жайылымды пайдаланушының мақсаты мал шаруашылығы екенін білдіреді.
«Жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша» өлшемшарты да нақтыланбаған. Ауыл шаруашылығы жануарларының қай жерде, жайылымдар орналасқан бір ауылдық округте, бір ауданда немесе бір облыста болуын қамтамасыз ету қажет екені белгісіз?
Сондай-ақ, жайылымды пайдаланушының бір ауылдық округтің, ауданның аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу, ұстау, ал басқа ауылдық округтің, ауданның аумағында жайылымдық жерлерге ие болу және жемшөп дайындау мақсатында шөп шабумен айналысу құқығын шектеу тиімсіз деп санаймыз.
Ұсыным:
2023 жылғы 30 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен жүгіну:
-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 11-тармағының 2-тарауынан: «Жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша» ұғымын алып тастау.
ҚР Жер кодексінің 92-бабы 4-т. 3)тт. негізінде: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:
3) жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жатады.
Сонымен қатар, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. екі жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болған және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен алып қоюға жатады.
Жер кодексінің және «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының жоғарыда аталған нормалары қарама-қайшы деп санаймыз.
Ұсыным:
2023 жылғы 30 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен жүгіну:
«Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. өзгеріс енгізу, атап айтқанда «екі жыл бойы» дегенді «бір жыл бойына» ауыстыру.
Осы баптың 4-тармағында былай делінген: жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді.
Түсінік немесе қандай да бір түсініктеме - қандай алқаптың жайылым алқаптары ұсақ контурлы (қосылған) деп саналуы ҚР «Жайылымдар туралы» Заңында да, Жер кодексінде де көрсетілмеген. Ал жайылымдар қосылып, бірнеше гектардан бірнеше ондаған, жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ал инспектор тексеруді жүзеге асырған кезде, өз қалауы бойынша, қандай контурды қосылған деп санауға және ескермеуге және қайсысы жоқ екенін анықтауға мәжбүр болады.
Ұсыным:
2023 жылғы 30 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен жүгіну:
Жер кодексінің 92-бабына (немесе «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы) - қай алаңдағы жайылымдардың массивтері ұсақ контурлы (қосылған) болып саналады және жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасын айқындау кезінде оларды назарға алмау.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осылайша, лауазымды тұлғаның әкімшілік жаза таңдауы бар, бұл факт Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғады.
Ұсыным:
2023 жылғы 30 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен жүгіну:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 338-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы ұсыныспен жүгіну, атап айтқанда: «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылады. «Жеңілдететін мән-жайлар» не болып табылатынына анықтама беру.
ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ
«ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ өз қызметін 2022 жылғы 10 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін жүзеге асыруда.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 15 адамды құрайды, нақты -15, бос орын жоқ.
Осы ретте, басшылық құрамының саны – 5 (департамент басшысы, басшының орынбасары, 3 бөлім басшысы), басшылық емес (бас мамандар) – 10.
2023 жылғы 01 қаңтар мен 2023 жылғы 01 қараша аралығындағы мерзімде таза ауысымдылық 5 бірлікті (жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспекторы) құрады. Бірінші басшының ауысуы болған жоқ.
Жоғарыда көрсетілген кезеңде Департаменттің 3 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың екеуіне ескерту түріндегі (Д.А.Кабикенов және А.Т.Жусупов - жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспекторлары) және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспекторы – Б.Е. Жанахметовке сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспекторларына: Б.Е. Жанахметовке, Д.А.Кабикеновке салынған екі тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.
ҚР заңнамасы бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында, Департамент басшылығымен жұмыс кеңестерінде барлық заңнамалық нормаларды сақтау туралы нұсқаулықтар беріп отырады. Қызметкерлер өз қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісті түрде орындамауы үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік көтеретіні жөнінде ескертілген.
Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімімен тұрақты негізде қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқытулар өткізіледі.
Жалпы жағымсыз үрдістер анықталған жоқ, кадрлардың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысына қанағаттанбаушылықтан туған жоғары тұрақтамаушылығы бар, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу және мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Лауазымға қабылдау кезінде қызметкерлер міндеттемелерге қол қояды, сондай-ақ тексерулер жүргізу кезінде инспекторлар мүдделер қақтығысына жол бермеу туралы міндеттемеге қол қояды.
Ұсыным: Басқарманың тиімді жұмысы және кадрлардың ауысымдылығын төмендету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын ұлғайту мүмкіндігін және мемлекеттік инспекторлардың бірлігін арттыруды қарастыру қажет.
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ
Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) жасау фактілері анықталған жоқ.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ
«ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
РҰҚСАТ БЕРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің рұқсат беру функциялары жоқ.
БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
Департамент талданып отырған кезеңде өтініштер бойынша 71874,93754 га алаңда 127 тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша 43985,76204 га алаңда 94 бұзушылық анықталды, оның ішінде: 40 - жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қатысты тексеру нәтижелері бойынша анықталды.
77 нұсқама берілді, оның ішінде 25-сі 43 587 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша және 52 нұсқама алаңы 115,41486 га елді мекендердің жерлері бойынша берілді.
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушылықтарын іс жүзінде жоюды бақылауды жүзеге асыру тәртібімен, облыс прокуратурасының талабы негізінде жер заңнамасы талаптарын, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ҚР ӘҚБтКо 462-бабы 3-б. бойынша 14 іс қозғалды, оларды қарау нәтижелері бойынша соттар жалпы сомасы 5 157,75 мың теңгеге 14 айыппұл салды.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша:
- 9087,95636 га алаңда 36 бұзушылық, оның ішінде: 8998 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, 89,95636 га елді мекендердің жерлерінде бұзушылық жойылды
- ауданы 0,0225 га елді мекендердің 1 жер учаскесі сот тәртібімен мәжбүрлеп алып қойылды, - алаңы 8196 га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою туралы 7 талап сотта қаралуда;
- жалпы алаңы 0,0348 га 2 жер учаскесі бойынша ЖАО заңсыз қабылдаған шешімдерінің негізінде мәмілелер жарамсыз деп танылды және жойылды, 6,602 га 4 учаске бойынша 4 талап-арызды қанағаттандырудан бас тартылды.
Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты.
Бірақ қолданыстағы өлшемшарттар тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған субъектілерді бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік бермейді, өйткені құқық бұзушылар объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары дәрежесіне жатпайды.
Іс жүзінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ және олардың филиалдарынан басқа, жер комиссиясының және әкімдіктің уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру құжаттамасымен келісілген орналасу орнына сәйкес емес жер учаскесінің шекарасын белгілей алатын жерге орналастыру жұмыстарын және басқа да адамдар жүзеге асырады. Іс жүзінде жобалау ұйымдары («Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ басқа) өздеріне жер беру мүмкіндігі мен орнын айқындайтын мемлекет функцияларын иеленеді.
Бірақ, қолданыстағы өлшемшарттар жерге орналастырушы субъектілерге («Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ басқа) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік бермейді, олар құқықтары өздеріне тиесілі емес жылжымайтын мүлік объектілері астындағы тапсырыс берушілердің пайдасына жер учаскелерінің шекараларын белгілеуге жол береді не басқа жер учаскелерін салуға жүйелі түрде жол береді. Сонымен қатар, Департаментке жобалау ұйымдарының жер учаскелері орналасқан жердің шекараларын қабаттасуы және өзгертуі туралы жүйелі түрде шағымдар келіп түседі. Ал сот талқылаулары кезінде жосықсыз жобалаушы-ЖК немесе ЖШС жабылды және енді жоқ екендігі анықталады.
Бұдан басқа, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметіне геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың қолданыстағы өлшемшарттары бойынша өрескел бұзушылықтар геодезия және картография саласындағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізудің басталғаны туралы хабарлама, геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құрал-саймандар жиынтығы, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат болмаған кезде ғана жасалады.
Ұсыным:
2023 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ҚР заңнамасына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығымен бекітілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы: тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған субъектілерді, сондай-ақ құқықтары оларға жатпайтынжер учаскелеріне және жылжымайтын объектілерге қабаттасумен шекара белгілеуге жол беретін жерге орналастырушы субъектілерді («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан басқа) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін ұсыныспен жүгіну:.
Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау мәніне тексеруге негіздердің болмауы
Пайдаланылмайтын және бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыздар әкімшілік жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзушылықтарын жою туралы нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін қойылады.
Бірақ, 01.01.2023 жылғы өзгерістер күшіне енгеннен кейін ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормалары (144-баптың 5-т.) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуына тексеру жүргізу үшін негіздемелерді көздемейді. Бұл өзгерістер пайдаланылмайтын және бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюға кедергі келтіреді.
Ұсыныс:
2023 жылғы 30 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы келесі: «жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау» туралы ұсыныспен жүгіну:
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдарымен, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелерімен жіберген бұзушылықтарды жою мерзімі НҚА-мен реттелмеген
Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 77 нұсқама берілді, оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне 40 нұсқама берілді;
Бұдан басқа, ҚР ЖК 164-1-бабына сәйкес 283,3472 га алаңда жер учаскелерін өз бетінше иеленуіне байланысты, ЖАО-ға 17 хат жолданды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-1-бабының 3-тармағына сәйкес бұзушылықтарды жою мерзімі оларды орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайларды ескере отырып айқындалады.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 1-тармағына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды тұлғалар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге міндетті. Бұл ретте, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнге айқындалады (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-1-бабының 3-т.).
ҚР Жер кодексінің 94-бабының 2-тармағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін ғана нұсқамалардың орындалу мерзімдерін нақты белгілейді: «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау мерзімі бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған кезден бастап үш ай белгіленеді».
Бірақ, жер құқықтық қатынастары саласындағы қолданыстағы НҚА «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелері жіберген бұзушылықтарды жою мерзімдерін регламенттемейді.
Ұсыным:
2023 жылғы 30 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келесі ұсыныспен: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдары, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелерімен жол берген бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілеу қажеттігі туралы ҚР заңнамасына (Жер кодексі, не Кәсіпкерлік Кодексі, не «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасай отыра жүгіну.
ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілерге және техникалық персоналға мемлекеттік мерекелер құрметіне орай сыйлықақы беру қаржыландыру жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен жалпы сомасы 9 734.7 мың теңгеге 5 рет жүргізілді, сондай-ақ қызметкерге бір оклад мөлшерінде сомасы 258 893 теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Тәртіптік жазасы бар тұлғаларға сыйлықақы беру фактілері жоқ.
Сыйлықақы әр қызметкерге біркелкі мөлшерде жүзеге асырылады.
2023 жылы 18 958,8 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алулар жүргізілді, нәтижесінде 124 келісімшарт, оның ішінде:
7662,1 мың теңге сомасына баға ұсыныстарын сұрату әдісімен 82 келісімшарт;
Өткізілмеген сатып алулар үшін бір көзден 5 647,4 мың теңге сомаға 27 келісімшарт;
1 110,3 мың теңге сомаға келісімшартты бір көзден тікелей жасасу жолымен 8 келісімшарт жасалды.
3 226,9 мың теңге сомасына негіздемелік келісімді шартты пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі 6 шарт.
1 312,1 мың теңге сомасына алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс шартымен 1 шарт.
Келісімшартты бір көзден тікелей жасасу арқылы әдісті қолдана отырып келісімшарттар жасасу кезінде әр түрлі жеткізушілерден бірнеше баға ұсыныстары алдын-ала алынады, ал келісімшарт ең төменгі бағаны ұсынған жеткізушімен жасалады.
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ
2023 ж. 01.01.бастап 2023 ж. 30.10. аралығындағы кезеңде жеке және заңды тұлғалардан барлығы - 387 өтініш түсті, бұл 2022ж. - 253 сол мерзімге 65%-ға артық, оның ішінде
келіп түскен өтініштер саны екі есеге артты-295 (2022ж.-145),
шағымдар – 13 (24% - ға төмендеу) 2022 жылы-17,
ұсыныстар, сұраулар, хабарламалар, жауаптар-79 (13% - ға төмендеу) 2022 жылы -91.
2023 жылдың 10 айында Департаментпен 309 өтініш қаралды, 2022 жылдың осы кезеңінде-199 және келесі шешімдер қабылданды:
- 124 өтініш бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылданды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2.2 есе көп - 56
- 2023 жылы ауыртпалық әкімшілік акт қабылданған өтініштер саны 1,7 есеге артты -71, 2022 жылы 41 өтініш бойынша қанағаттандырудан бас тартылды
-өтініш берушіге 95 өтініш бойынша жауап берілді, 2022 жылы-91 (104%)
-өтініш берушінің өтінішхаты негізінде қарау тоқтатылды және 2023 жылы-19 өтініш, 2022 жылы-11 өтініш назарға алынды.
Департаментпен құзыреті бойынша 71 өтініш жолданды (2022 жылы -42)
Өтініштерде баяндалған негізгі мәселелер-жер учаскелерін берудің немесе беруден бас тартудың заңдылығына тексеру жүргізу, бұзушылықтарды жоюға байланысты жер учаскелерінен ауыртпалықты алып тастау.
2023 жылдың 10 айында Департамент атына келіп түскен қызметтік хат - хабарлар саны -2465 (2022 жылы -1967) артты, мемлекеттік және жеке ұйымдарға ақпарат беру туралы жіберілген хаттар, 2023 жылы - 1967, 2022 жылы-1595 (23%) сауалдарға жауаптар саны артты.
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫМ:
- «ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сі талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін бірлескен жұмыс барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарын әзірлесін және бекітсін.
Жұмыс тобының жетекшісі:
|
1.Сулейменов Жалгас Серикбаевич |
- |
басшының орынбасары – мемлекеттік инспектор; |
|
Жұмыс тобының хатшысы:
|
|
|
|
2. Мукашева Зайкен Акбергеновна
|
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
|
|
3. Микотина Ирина Геннадьевна |
- |
Жер мониторингі,талдаужәне есепке алу бөлімінің басшысы
|
|
4. Байдюсенов Айтпай Кабиденович |
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы
|
|
5.Тумурзинов Амангельды Серикович
6.Абильмажинова Ляззат Шайкеновна |
|
Қаржы - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қаржы - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы |
|
|
|
|
|
7. Кенбеилов Айдос Жанашұлы
|
|
СҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
|
8. Туружанов Копеш Кайиржанович |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының ақпараттық жүйелерді жүргізу және сүйемелдеу бойынша басқарма басшысы |
Келісілді:
Бекиш Бакитжан
Серикович ______________«ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын
басқару департаменті» РММ-нің
басшысы