«Жетісу облысының жер ресурстарын басқару Департаменті» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 10 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Талдықорған қаласы 10.11.2023 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысы М.Қартбаевтың 2023 жылдың 29 қыркүйектегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №47-н/қ бұйрығы негізінде, құрылған жұмыс тобымен 2023 жылдың 10 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаментінің облыс аумағында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және қызметін атқарады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасының 11 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылған:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
СИПАТТАМА БӨЛІГІ:
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штаттық саны - 12 бірлікті құрайды. Оның ішінде 1 басшы, 1 басшы орынбасары, 3 бөлім басшысы, 7 бас маман.
Жыл басынан көрсетілген мерзім ішінде 2 мемлекеттік қызметкер басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты жұмыстан болсатылды. Таза ауысымдылық болған жоқ.
Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша, 4 қызметкер қайта даярлаудан, 5 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Персоналды басқару бойынша ішкі талдау жүргізу кезінде, оның ішінде кадрлардың ауысуы кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде тиесілілік және тікелей бағынысты лауазымдарды атқару, басшылық құрамға қатысты жақын туыстарының атқаратын лауазымдары жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті" РММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті" РММ рұқсат құжаттарын бермейді.
Талдау жүргізілген кезенде мемлекеттік бақылау бөлімінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген жоқ.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің Казақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген функциялары:
Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды орталық уәкілетті орган, аумақтық бөлімшелер және өзге де мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау:
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
- осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау жерге түгендеу жүргізу, зерттеп-қарау, жерді пайдалануға байланысты схемалар мен жобаларды әзірлеу, жердің мемлекеттік кадастрларын және мониторингін жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.
Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың iс жүзiнде жойылуына, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нұсқаулары мен Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларын жер учаскелерiнің меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың орындауына бақылауды жүзеге асырады.
Өз құзыреті шегінде аумақтық бөлімшелер жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, атап айтқанда:
Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелер кiредi.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 339 бабының «Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы» -
1) жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді мекендер жерінде – функционалдық аймаққа сәйкес емес пайдаланудан;
2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың 1 тармағының 2 тармақшасының 2 бөлігіне сәйкес - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Баптың санкциясы жеке тұлғалар үшін ескерту немесе айыппұл салуды көздейді, бұл әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза мөлшерін тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.
№1 Ұсыныс: Шешім қабылдау кезінде заңсыз артықшылық беру фактілеріне жол бермеу мақсатында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне 138-баптың 1-бөлігі, 338, 339, 1-бөлігі, 340-бабының санкцияларында көзделген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстың жобасын әзірлеу, «ескерту» түріндегі жазаны алып тастау, айыппұл жазасын қалдыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы анықталмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы анықталмады. Мемлекеттік сатып алу толығымен автоматтандарылған.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті" РММ ақпараттық жүйелерді әзірлемейді. Департаменттің интернет-ресурсындағы ақпарат тұрақты негізде жаңартылады.
Департаменттің интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне арналған стандарт, сенім телефоны орналастырылған.
Департаменттің интернет-ресурсындағы ақпарат тұрақты негізде жаңартылады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша мынадай ұсынымдар берілді:
Жұмыс тобының төрағасы Е.Мадибаев
Келісілді: Д. Кастеев
Б. Акылбеков
Р. Ерденбекова
Е. Ақболатов