Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности РГУ "Департамент по управлению земельными ресурсами Абайской области Комитета по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"

 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Семей қаласы                                                                    10 қараша 2023 жыл

 

Кіріспе бөлім:

 

Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі болып табылады.

Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Департамент басшысының 2023 жылғы    3 қазандағы № 76-нқ бұйрығы негіз болып табылады.

 

Имеров Ринат Серикболович

 

-

 

басшы орынбасары, төраға;

 

Мүшелері:

Жуматова Майра Алибековна

-

Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы;

Жумабаев Руслан Сейтжанович

-

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау  бөлімінің басшысы;

Чокаева Резида Арманқызы

-

Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

Макажанов Асхат Каиргельдыевич

-

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау  бөлімінің бас маманы;

Тумарбек Диана Вячеславовна

-

Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы;

 

 

 

 

2023 жылғы 10 қазаннан бастап 2023 жылғы 10 қарашаға дейін аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылғы 2 тамыздан бастап 2023 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңді қамтиды.

Департамент өз Ережесіне сәйкес Абай облысының аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Департамент басшысы – Бижанов Даулет Ерназарович, осы лауазымға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің 2023 жылғы 21 қазандағы № 202 ж/қ бұйрығымен тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

 

1) Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

І. Бірінші бағыт бойынша:

Департаменттің қызметіндегі негізгі нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – ҚРЖК), «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі –                                 ҚР ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – ҚРКК) және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘРП) жатады.

  1. ҚРЖК 94-бабы 2-тармағына сәйкес 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін беріледі.

ҚРКК 152-бабы 14-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісі белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау мен қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

Ақпарат берілмеген жағдайда ҚР ӘҚБтК 804-бабы 1-тармағының               63) тармақшасына сәйкес жерді пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы.

Осы норманы қолдану жерді пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органының лауазымды адамдарының міндеті емес, құқығы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы:  ҚР ӘҚБтК 804-бабының 1-тармағының 63) тармақшасында осы кодекстің 462-бабына сәйкес  нұсқаманы орындамаған жағдайда лауазымды тұлға хаттама толтырып, оны әкімшілік сотқа қарауға жіберу арқылы әкімшілік іс қозғау құқығы көзделген.

Алайда, аталған заңнама нормаларын қолдануға таңдаулы тәсілдің сақталуы мүмкін. Осыны ескере отырып, бұл жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар деп есептейміз.

Ұсыным: осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне ҚР ӘҚБтК 804-бабына өзгеріс енгізіп,  лауазымды тұлғаның осы кодекстің 462-бабы бойынша шара қолдану құқығы емес міндетіне ауыстыру туралы ұсыныс жолдау.

 

  1. ҚР ӘҚБтК 55-бабында әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы қағидалары көрсетілген. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

Бұл нормалар уәкілетті лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша әкімшілік жаза қолдану мүмкіндігін қарастырады.

ҚР ӘҚБтК 710-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар айыппұл салуға құқылы.

Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді-мекендер жерінде жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы (ҚР ӘҚБтК 339-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес) ескерту жасауды немесе айыппұл салуды көздейді.

Бұл ретте жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға жеке сыйақыға құқық бұзушыға айыппұлдың орнына ескерту түрiндегi жаза қолдануы мүмкiн, бұл да сыбайлас жемқорлық тәуекелi болып табылады.

Осындай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ҚР ӘҚБтК-нің 138, 338, 339 340 баптарында байқалады.

Ұсыным: осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне                              ҚР ӘҚБтК 138, 338, 339, 340 баптарында көзделген әкімшілік жауапкершіліктің «Ескерту» немесе «Айыппұл» түріндегі жазалардың біреуін қалдыру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша ұсыныстар жіберілсін.

  1. ҚРЖК-нің 148-бабы 1-тармағының 7), 9) тармақшаларына сәйкес жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар. Алайда жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға қандай тәсілмен (нұсқама беру немесе сотқа талап арыз беру арқылы) тоқтататыны заңда қарастырылмаған.

Ұсыным: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне ҚРЖК-де жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жоғарыда аталған жағдайларда олардың қызметін тоқтату құқығын нақтылау қажеттігі жөнінде ұсыныс жолдау.

ІІ. Екінші бағыт бойынша:

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау:

- Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен реттелген және толық көлемде сақталады;

- Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы - әңгімелесу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру кезінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде тәуекел анықталды. Себебі: сұрақтарды қалыптастыру рәсімі қорғалмаған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы:  әңгімелесу кезінде қойылатын сұрақтар лауазымды тұлғалармен конкурсқа қатысушыларға берілуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындату қауіпі бар.

Ұсыным: Әңгімелесу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру рәсімін қорғау бөлігінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ұсыныс енгізілсін.

- Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау- қолданылғаннан тәртіптік жазаларды алу мәселесі 3 айдан асқаннан кейін қаралады;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарға Абай облысы бойынша Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар кіретіні анықталды.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша:
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжаттың (саясаттың) болмауы – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған;

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Департамент мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын орындау

Департамент рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Департаментпен 2023 жылы 236 тыс тексеру жүргізілді. Оның барысында жер заңнамасын 220 бұзушылық анықталды және жалпы сомасы 7615,9 мың теңгеге 49 айыппұл салынды, оның ішінде 6270,4 мың теңге өндірілді, 345,0 мың теңгеден материалдар мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілді, 345,0 мың теңге құратын 1 әкімшілік іс сотпен күші жойылды, 1000,5 мың теңге ерікті төлем мерзімі аяқталмады (өндіріп алу 86% құрайды).

Жүргізілген 236 тексерудің ішінен:

6-ЖАО-ға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде           11 жоспардан тыс тексеру. Тексеру қорытындысымен 7 тексеріс бойынша          23 бұзушылық анықталды, оның ішінде заңсыз қабылдынған шешімдер – 20,        3 – өтінішті қарау мерзімін сақталмауы. Қорытындысы бойынша жер заңнамасын бұзушылықтарды жою және олардың жұмысына жол бермеу туралы 7 нұсқама берілді. Заңсыз қабылданған 5 шешім бойынша сотқа талап - арыздар берілді 5 - соттың қарауында (1-Аягөз қаласының әкімі аппараты, 4- Үржар ауданының әкімі аппараты ). Қалған 15 шешім бойынша берілген нұсқамалардың орындау мерзімдері аяқталған жоқ. ЖАО-ның 1 лауазымды адамы жалпы сомасы          51,8 мың теңгеге ҚР ӘҚБтК-нің 137-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Көкпекты ауданының әкімі аппараты), қалғандары жауапкершілікке тартылған жоқ, өйткені ҚР ӘҚБтК 62 – бабының 1-тармағына сәйкес-адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Жеке тұлғаның өтініші негізінде жер қатынастары бөлімдеріне қатысты            6 жоспардан тыс тексеру, оның нәтижелері бойынша 1 заңсыз қабылданған шешім, 10 – өтінішті қарау мерзімін сақталмауы анықталды. Қорытындысы бойынша жер заңнамасын бұзушылықтарды жою және жұмыс барысында жол бермеу туралы 2 нұсқама берілді, оның ішінде 1 берілген нұсқама орындалды,         1 нұсқаманың орындау мерзімі аяқталған жоқ.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалына қатысты         6 жоспардан тыс тексерулер, оның 3 тексеріс бойынша 4 бұзушылық анықталды. Қорытындысы бойынша жер заңнамасын бұзушылықтарды жою және жұмыс барысында жол бермеу туралы 3 нұсқама берілді, нұсқамалардың орындау мерзімі аяқталған жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалының 3 лауазымды адамы жалпы сомасы 155,3 мың теңгеге ҚР ӘҚБтК-нің 342-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жеке тұлғаларға қатысты              213 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 144  тексерудің нәтижелері бойынша 182 бұзушылық анықталды (63 - мемлекеттік жерлерді өз бетінше иемдену, 13 - жер учаскесін мақсатсыз пайдалану, 13 - құрылысқа арналған жерлерді пайдаланбау, 93- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау). Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша 144 нұсқама берілді (53 – орындалды, 91 - орындау мерзімі аяқталмады). 18 субъекті бойынша материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 462- бабы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін сот органдарына жолданды, оның ішінде 12 субъект бойынша материалдар қаралып, 2 197 650 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 ҚРЖК 43-бабының 10-тармағын бұзу фактісі бойынша 38 субъект ҚР ӘҚБтК 136-бабы бойынша жалпы сомасы 7288,1 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5994,4 мың теңге өндірілді, 345,0 мың теңге бойынша материалдар мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілді, 345,0 мың теңгені құрайтын 1 әкімшілік іс сотпен күші жойылды, 603,7 мың теңге ерікті төлем мерзімі аяқталмады (өндіріп алу 86% құрайды).

ҚРЖК 164-1-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шараларын қолданғаннан кейін тексеру материалдары өз бетінше иеленетін жер учаскелерін талап ету үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді.

Жер учаскелерін пайдаланбағаны үшін 58 ЖК-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 338-бабы бойынша ескерту түрінде әкімшілік іс қозғалды, ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы бойынша - 3 субъект қатысты.

Жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбағаны үшін 7 субъект  ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы бойынша жалпы сомасы 120,7 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 69,0 мың теңге өндірілді, 51,7 мың теңге ерікті төлем мерзімі аяқталмады (өндіріп алу 57% құрайды)

Пайдаланылмайтын не заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша берілген нұсқамалар «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалына жіберіліп, мәмілелер жасауға ауыртпалықтар қойылды.

Сондай-ақ, тапсырылған нұсқамалар бойынша пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне, ҚР Салық Кодексінің 509-бабына сәйкес салық салу үшін мәліметтер қосымша мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді (70 жер пайдаланушының көлемі 104013 га болатын 94 жер учаскесі бойынша ақпарат жіберілді).

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде төмендегідей сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталды:

  1. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалардың бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау және дамыту жобаларына сәйкес келмейтін жер учаскелердің нысаналы мақсаты өзгерту туралы шешімдер қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған, сондықтан жауапты тұлғалар жазасыз қалады және мұндай бұзушылықтар жүйелі түрде орын алуда.

Ұсыным: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне ҚР ӘҚБтК 137-бабы, 1-тармағында бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау және дамыту жобаларына (осы жобалар болған жағдайда) және елді-мекендер аумағын жерге орналастыру жобаларына сәйкес келмеген жағдайда жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешім қабылдаған жағдайда лауазымды тұлғаның әкімшілік жауапкершілігін қарастыру жөнінде толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жіберілсін.

  1. Қала және аудандандық жер қатынастары бөлімдерінен және прокуратура органдарынан түскен құжаттардың негізінде Департаменттің құзыретіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау фактілері бойынша жер пайдаланушыларға қатысты тексерістер жүргізіліп, нұсқамалар берілуде.

Алайда, нұсқама беріліп, жер учаскелеріне ауырпалық теркелгеніне қарамастан  жер пайдаланушылар ҚРЖК-нің 33-бабы 1-тармағы                           5-1) тармақшасында көзделген нормаға сәйкес,  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін формальды түрде иелігінен шығарып, жауапкершіліктен жалтаруда.

Оған қоса, жер учаскесіне тіркелген ауырпалық жер учаскесін иеліктен шығаруға шектеу бола алмайды.

Осы ретте,  нұсқама бойынша тіркелген ауырпалықтың қажеттілігі сұрақ тудыруда. Бұл жағдай өз кезегінде Президенттің пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін қайтару туралы тапсырмасын орындауға және Департаменттің функциясын толығымен жүзеге асыруға кері әсерін тигізіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы:  жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға, тексеріс қорытындысы бойынша жеке сыйақыға жер пайдаланушымен келісіп, жер пайдаланушының атындағы жерлерін ҚРЖК-нің 33-бабы 1-тармағы                       5-1) тармақшасында көрсетілген тәртіпте формальды түрде туысының немесе танысының атында нотариалды түрде аударып тастау туралы кеңес беріп, сол арқылы жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіншілік беруі мүмкін. Бұл да өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылады.

Ұсыным: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне ҚРЖК-нің 33-бабы 1-тармағы                     5-1) тармақшасына тиісті өзгерістер енгізіп, тексеріс тағайындалған кезден бастап нұсқаманың әрекет ету кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығаруға шектеу қою туралы ұсыныс енгізілсін.

  1. ҚРЖК-нің 92-бабы 4-тармағы 3) тармақшасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жатады.

Департаментпен жайылымдық жерлерді пайдаланбау фактілері бойынша жүргізілген тексерістердің қорытындысы бойынша заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілгеннен кейін, жер пайдаланушылар заң бұзушылықты жою мақсатында жер учаскелері орналасқан ауылда ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүйесінде (база ИСЖ) аттарына мал бастарын тіркеп, нұсқаманың орындалғаны туралы мал дәрігерлердің ақпараттарын ұсынуда. Осы негізде Департамент нұсқаманы бақылаудан шешуге мәжбүр. Алайда, шын мәнінде жер пайдаланушылар өзінде мал басы жоқ бола тұра жауапкершіліктен жалтарып, жайылымдық жерінен айырылып қалмау мақсатында жақын туыстарының малдарын өз аттарына формальды түрде тіркеп жауапкершіліктен кетуі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы:  Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға, тексеріс барысында жер пайдаланушымен тікелей қарым-қатынаста болуына байланысты оған жеке сыйақыға ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүйесінде формальды түрде туысының немесе танысының малдарын тіркету туралы кеңес беріп, сол арқылы жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіншілік беруі мүмкін. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылатыны күмәнсіз.

Ұсыным: осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне ҚРЖК, ҚР «Ветеринария туралы» Заңына және басқада заңнамаларға мал бастарын тіркеу тәртібін, оны растайтын құжаттар базасын және мал дәрігерлердің жауапкершілігін күшейту сияқты тиісті өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жіберілсін.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы анықталмады.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы анықталмады. Мемлекеттік сатып алы толығымен автоматтандарылған.

     

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

         Департамент ақпараттық жүйелерді әзірлемейді

 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

 

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бағыты бойынша.    

         Департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 2023 жылға іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған жоспарды орындау мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

         Департаменттің ғимаратында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын насихаттайтын стендтер, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін CALL-орталықтардың нөмірлері орналастырылған.

         Бұдан басқа, Департамент басшысы бекітілген кесте бойынша азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді (әр айдың үшінші сәрсенбісі).

         Департамент басшысының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 5 НҚ бұйрығымен Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің функциясы басшы орынбасары Ринат Серикболович Имеровқа жүктелді.

         Өз құзыреті шегінде Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге және өзге де тұлғаларға,мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнмалары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерінде консультативтік көмек көрсетеді.

         «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Департамент Facebook әлеуметтік желісінде Департаменттің ресми аккаунтында мемлекеттік органның қызметі туралы ақпарат орналастырылған.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы көрінбейді.

         Ұсыныс: сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған жұмысты жалғастыру.

 

         Жұмыс тобының төрағасы

Имеров Р.С. – басшы орынбасары                                             ____________

        

         Жұмыс тобының мүшелері:

Жуматова М.А. – Жер мониторингі, талдау және

есепке алу бөлімінің басшысы                                                      ____________   

Жумабаев Р.С. – жердің пайдаланылуы

мен қорғалуын мемлекеттік бақылау

бөлімінің басшысы                                                              ____________

Чокаева Р.А. – қаржылық-құқықтық

қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                                              ____________   

Тумарбек Д.В. – жер мониторингі,

талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы                    ____________

Макажанов А.К. - жердің пайдаланылуы

мен қорғалуын мемлекеттік бақылау

бөлімінің бас маманы                                                          ____________

 

 «____»_________2023 жыл.

 

Аналитикалық анықтамамен таныстым:

Абай облысының жер ресурстарын

басқару департаментінің басшысы                                            Д. Бижанов

 

«____»___________2023 жыл.

Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности РГУ "Департамент по управлению земельными ресурсами Абайской области Комитета по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"
Дата публикации
17 ноября 2023