ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ КОМИТЕТІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ
Департамент қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау хаттамасы
Семей қаласы 2023 жылғы 9 қараша
Төрағалық етуші:
Р.С. Имеров Басшы орынбасары
Қатысқандар:
Р.С. Жумабаев Жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік
бақылау бөлімінің басшысы
М.А. Жуматова Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің
басшысы
Р.А. Чокаева Қаржылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің
басшысы
А.К. Макажанов Жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік
бақылау бөлімінің бас маманы
Д.В. Тумарбек Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің
бас маманы
Күн тәртібі:
Департамент қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау
Сөз сөйлеген Р.С. Имеров:
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М.Б. Теміржановтың 2023 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Департамент басшысының 2023 жылғы 3 қазандағы № 76-нқ бұйрығының негізінде құрылған жұмыс тобымен 2023 жылдың 10 қазанынан – 10 қарашасы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдаумен 2022 жылғы 2 тамыздан бастап 2023 жылғы 1 қазанға дейінгі кезең қамтылды.
Департаменттің Facebook әлеуметтік желісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау жүргізілетіні жөнінде хабарлама берілді. Талқылауға қатысуға қоғамнан немесе қоғамдық кеңестерден ниет білдіргендер болған жоқ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар мен шағымдар түскен жоқ.
Талдау барысында әр бөлім өз бағыттары бойынша тиісті ақпараттарды ұсынып, соның негізінде талдамалық анықтама әзірленді. Талдамалық анықтамаға сәйкес 7 /жеті/ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, жұмыс тобы мүшелерімен талқыланды.
Талқылау барысында басқадай ұсыныстар түскен жоқ.
Жұмыс тобының төрағасы
Имеров Р.С. – басшы орынбасары ____________
Жұмыс тобының мүшелері:
Жуматова М.А. – Жер мониторингі, талдау және
есепке алу бөлімінің басшысы ____________
Жумабаев Р.С. – жердің пайдаланылуы
мен қорғалуын мемлекеттік бақылау
бөлімінің басшысы ____________
Чокаева Р.А. – қаржылық-құқықтық
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы ____________
Тумарбек Д.В. – жер мониторингі,
талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы ____________
Макажанов А.К. - жердің пайдаланылуы
мен қорғалуын мемлекеттік бақылау
бөлімінің бас маманы ____________