Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінде (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында 03.10.2023 жылы №60-Н/Қ бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

  1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшелердің атауы:

1.1. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімі;

1.2. Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімі;

1.3. Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының персоналды құрамы.

Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Департамент қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары.

Бөлімнің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 38-бабы 5-тармағында, осы кодекстiң 41-бабына сәйкес жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен берудi қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға беруге жол берiлмейді делінген. Алайда, аталған баптың заңбұзушылығы бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде әкімшілік жауапкершілікке тарту қаралмағандықтан, шара қолдануға мүмкіндік болмауда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жою бойынша келесі ұсынымдар:

  1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 38, 41-бабтарында көзделген бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолдану үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс беру.
  2. Департамент қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттырып отыруды үйлестіру.
Дата публикации
16 ноября 2023