ҚР АШМ ЖРБК Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауы нәтижелерін жария талқылауының ХАТТАМАСЫ

ҚР АШМ ЖРБК Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  ішкі  талдауы нәтижелерін

жария талқылауының

ХАТТАМАСЫ

Ақтөбе қаласы                                                                                   2023 жылғы 10.11.

Төрағалық етуші:

ҚР АШМ ЖРБК Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті (бұдан әрі –Департамент)  басшысының орынбасары –

 Н.Ж. Аманкулов

 Қатысқандар:

  1. Департаменттің бөлім басшылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауын (СЖТІТ) жүргізу бойынша Жұмыс тобының мүшелері.

Департамент басшысының   орынбасары -  Н.Ж. Аманкулов СЖТІТ нәтижелерін талқылауды жиналғандармен амандасумен, іс-шараға  қатысушыларды таныстырумен ашты.

            СЖТІТ Ағымдағы жылы Департамент қызметіне 2023 жылғы 01 қаңтар мен 10 қараша аралығындағы мерзімде жүргізілді.

            «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТІТ нәтижелеріне жария талқылау жүргізу қажет.

            Осыған байланысты, біз бүгін СЖТІТ нәтижелеріне жария талқылауды жүргізіп отырмыз.

            Осыдан соң, сөз сөйлеу жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы Д.Ж. Мұстафаға берілді.

Департамент қызметіне  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М.Б. Теміржановтың 2023 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, СЖТІТ өткізілді.

СЖТІТ келесі:

          - «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  2023  жылғы 16.01. №21 бұйрығы;

            - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  2022  жылғы 30.12. №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныс (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныс) негіздерінде жүргізілді.

СЖТІТ келесі:

            1) объективтілік;

            2) шынайылық;

            3) ашықтық;

            4) жан-жақтылық  принциптерінде жүргізіледі.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.

Департамент қызметінде анықталған 4 сыбайлас жемқорлық тәуекелі тіркелді, атап айтқанда:

       - «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 338,339 баптарында көзделген субъектіні әкімшілік жауаптылыққа тарту кезінде әкімшілік жауаптылықты (ескерту немесе айыппұл) салу кезінде айқын ажырату  мәселесі бойынша.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 338, 339 баптарына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы, атап айтқанда: «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылады. «Жеңілдететін мән-жайлар» не болып табылатынына анықтама беру немесе «ескерту» шарасын алып тастау ұсынылады.

         Бұдан әрі, сөз сөйлеу жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысының м.а.у. К.Ж. Қаршығаға берілді.

  • ҚР Жер кодексінің 92 бабының 2 тармағына өзгеріс енгізу. Пайдаланылмай жатқан коммерциялық мақсатындағы жерлерді мәжбүрлеп алып қою жөніндегі іске асырылып жатқан жұмысты тиімді жүргізуге кедергі туындататын жағдай бұл ҚР Жер кодексінің 92 бабының 2 тармағында «Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда ҚР азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады» делінген.

           Алайда, Құрылысқа арналған жер учаскесінің пайдаланылу критерийлері жасақталмаған. Яғни, құрылыстың қандай жағдайда пайдалануда деп есептейтін нақты ережесі жоқ. Ол, фундамент салу ма, әлде ғимарат қабырғаларын көтеру ме немесе толық нысанды аяқтау ма екендігі белгісіз және қандай да бір құқықтық нормалармен бекітілмеген.Аталған норма, лауазымды тұлға субъектіні тексеру кезінде объектінің жағдайын қандай күйде, яғни, нысаналы мақсатына сай пайдалануда, немесе нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатыр деген шешім шығаруға таңдау құқығын беріп тұр. Сол себепті нақты критерийлер болуы керек.

  • ҚР Жер кодексінің 92 бабының 4 тармағына өзгеріс енгізу. Пайдаланылмай жатырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы, оның ішінде жайылымдарды сот арқылы мәжбүрлеп қайтарып алу кезінде, шаруашылықтың атында мал басы тіркелмегеннің өзінде жемшөп дайындалғандығы жөнінде анықтамамен сот мұндай жер учаскелері мақсатына сай пайдалануда деген шешім шығарады. Мұндай фактілер біздің тәжірибеде жиі кездеседі.

ҚР Жер кодексінің 92 бабының 4 тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына: жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жатады.

          Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне деген сұраныстың жоғарылығын ескере отырып, оларды тиімді және ұтымды пайдалану үшін жүктеме нормасын 20 %-дан 50 %-ға дейін өзгерту;

           Жайылымдарда шөпті шауып сатумен айналысып, ауыл шаруашылығын дамыту емес, шөпті сату арқылы коммерциялық тұрғыда пайда көруді дәмдеп алған шаруа қожалықтары аз емес.  

           Осыған байланысты, аталған норманың «(немесе)» сөзін алып тастау ұсынылады.

            Жоғарыда аталған аталған сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол бермеу мақсатында, бұл Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі және Жер кодексінің нормаларына өзгеріс енгізу арқылы шешімін табады деп есептейміз. 

Талқылау барысында басқа ұсыныстар түскен жоқ.

Осымен Департамент қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау аяқталды.

  Жұмыс тобының жетекшісі:

Аманкулов Нурылыбек

Жетписбаевич

 

басшының орынбасары –

 мемлекеттік инспектор;

Жұмыс тобының хатшысы:

Карагулова Арайлым Елубаевна

 

жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы;

Жұмыс тобының мүшелері:

Мұстафа Дінсұлтан Жарқынбекұлы

 

жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы - мемлекеттік инспекторы;

Қаршыға Жеңіс Қаршығаұлы

 

жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы;

Жанатаева Алмагул Багибергенова

 

қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы



ҚР АШМ ЖРБК Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауы нәтижелерін жария талқылауының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
15 ноября 2023