ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауы нәтижелерін
жария талқылауының
ХАТТАМАСЫ
Петропавл қ. 2023 жылғы 07.11.
Төрағалық етуші:
ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті (бұдан әрі –Департамент) басшысының орынбасары - Ж.С. Сүлейменов
Қатысқандар:
Департамент басшысының орынбасары - Ж.С. Сүлейменов СЖТІТ нәтижелерін талқылауды жиналғандармен амандасумен, іс-шараға қатысушыларды таныстырумен ашты.
СЖТІТ Ағымдағы жылы Департамент қызметіне 2023 жылғы 01 қаңтар мен 01 қараша аралығындағы мерзімде жүргізілді.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТІТ нәтижелеріне жария талқылау жүргізу қажет.
Осыған байланысты, біз бүгін СЖТІТ нәтижелеріне жария талқылауды жүргізіп отырмыз.
Осыдан соң, сөз сөйлеу жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы И.Г. Микотинаға берілді.
Департамент қызметіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М.Б. Теміржановтың 2023 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, СЖТІТ өткізілді.
СЖТІТ келесі:
- «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2023 жылғы 16.01. №21 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30.12. №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныс (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныс) негіздерінде жүргізілді.
СЖТІТ келесі:
1) объективтілік;
2) шынайылық;
3) ашықтық;
4) жан-жақтылық принциптерінде жүргізіледі.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.
Департамент қызметінде анықталған 7 сыбайлас жемқорлық тәуекелі тіркелді, атап айтқанда:
- оның ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес және жайылымдық жерлердің орналасқан жеріне ауыл шаруашылығы жануарларының «байлаулы» болуы мәселесі бойынша.
Ұсыныс жасалды: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тууынан алшақ болу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 11-тармағының 2-тарауынан: «Жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша» ұғымын алып тастау.
-Жер кодексінің (92-бабы) және «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының (14-бабы) нормаларының қарама-қайшылығы мәселесі бойынша, алып қоюға жататын жайылымдарды пайдаланбау мерзіміне қатысты.
Ұсыныс жасалды:«Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 3-т. өзгеріс енгізу, атап айтқанда «екі жыл бойы» дегенді «бір жыл бойына» ауыстыруды енгізу.
-Жайылымдардың «ұсақ контурлылығына» анықтама қажеттігі мәселесі бойынша.
Ұсыныс жасалды: жер кодексінің 92-бабына (немесе «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы) - қай алаңдағы жайылымдардың алабы ұсақ контурлы (қосылған) болып саналады және жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасын айқындау кезінде оларды назарға алмау туралы жазу.
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 338-бабында көзделген субъектіні әкімшілік жауаптылыққа тарту кезінде әкімшілік жауаптылықты (ескерту немесе айыппұл) салу кезінде айқын ажырату мәселесі бойынша.
Ұсыныс жасалды: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 338-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы, атап айтқанда: «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылады. «Жеңілдететін мән-жайлар» не болып табылатынына анықтама беру.
Бұдан әрі, сөз сөйлеу жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы А.К. Байдюсеновке берілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар: өрескел бұзушылықтарға жол беретін субъекті- жерге орналастырушыларға, («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан басқа) субъектілерге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін толық бақылау қажет енгізу қажет.
Қр Жер заңнамасындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауға бақылауды жүзеге асыру мақсатында, «жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау» туралы ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына толықтырулар енгізу қажет.
ҚР Заңнамасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалдарымен, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімшелерімен жол берген бұзушылықтарды жою мерзімдерін нақты белгілеуі қажет. Осыған байланысты, Жер кодексіне, Кәсіпкерлік Кодексіне, не «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Талқылау барысында басқа ұсыныстар түскен жоқ.
Осымен Департамент қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау аяқталды.
Жұмыс тобының жетекшісі:
|
1.Сулейменов Жалгас Серикбаевич |
- |
басшының орынбасары – мемлекеттік инспектор; |
|
Жұмыс тобының хатшысы:
|
|
|
|
2. Мукашева Зайкен Акбергеновна
|
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы–мемлекеттік инспекторы |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
|
|
3. Микотина Ирина Геннадьевна |
- |
Жер мониторингі,талдаужәне есепке алу бөлімінің басшысы
|
|
4. Байдюсенов Айтпай Кабиденович |
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы
|
|
5.Тумурзинов Амангельды Серикович
6.Абильмажинова Ляззат Шайкеновна |
|
Қаржы - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қаржы - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы |
|
|
|
|
|
7. Кенбеилов Айдос Жанашұлы
|
|
СҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
|
8. Туружанов Копеш Кайиржанович |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының ақпараттық жүйелерді жүргізу және сүйемелдеу бойынша басқарма басшысы |