Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті 2023 жылдың 10 қарашасында сағат 15:00-де Орал қаласы Сарайшық көшесі №47, 2 қабат №7 кабинет мекен-жайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау өткізетіндігін хабарлайды.
Өткізілетін талқылауға қоғамнан және қоғамдық кеңестерден қатысуға ниет білдірген, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар болған жағдайда, zkozem@mail.kz электрондық мекен-жайына жіберулеріңізге болады.