Приказ о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности департамента по управлению земельными ресурсами Актюбинской области

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының   2016 жылғы   19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 тарауына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Құрамы басшы орынбасары Н.Ж. Аманкуловтан (жұмыс тобының жетекшісі), жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы – Ж.Қ. Қаршығадан, жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы – Д.Ж. Мұстафадан, қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы- А.Б. Жанатаевадан тұратын жұмыс тобы Департаменттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
    бағытында жүргізілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нысаны болып:

- жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің жұмысы;

- жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің жұмысы;

- қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі – 30.10.-10.11.2023ж.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізуге және жұмыс нәтижесіне басшылық ету, үйлестіру және жауаптылық басшы орынбасарына жүктелсін.
Приказ о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности департамента по управлению земельными ресурсами Актюбинской области
Дата публикации
23 октября 2023