Шұғыл ақпарат! Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1-бірлік бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына 2023 жылғы 21 ақпан күні жарияланған хабарландыруға байланысты.

Жер ресурстарын басқару  комитеті (бұдан әрі-Комитет) 2023 жылғы 21 ақпан күні Комитет сайтында жарияланған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1-бірлік бос әкімшілік мемлекеттік лауазымы туралы хабарландыру бойынша келесіні хабарлайды.

 Техникалық ақауларға байланысты хабарландыруда көрсетілген мына электрондық мекенжай бойынша myrzalina.zh@minagri.gov.kz  құжаттарды қабылдау уақытша жүзеге асырылуы мүмкін емес.  

Сонымен қатар, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 75 тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсына алатынын хабарлаймыз. (Е-өтініш, Е-gov,                  Е-қызмет (мемлекеттік қызметшілерге), және т.б.)

 

Дата публикации
28 февраля 2023