
Бухпанов Ержан Таубаевич 1970 жылғы 11 тамызда Павлодар облысында дүниеге келген.
1992 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Агрономия» мамандығын тәмәмдаған.
1992-1994 гг. – «Жалтырский» совхозының агрономы, Павлодар облысы.
1994-1995 гг. – «Курбан» ДМФ экономисті, Павлодар қ.
2001-2002 гг. – Павлодар облысының жерді пайдалану департаменті Май ауданының бас маманы.
2002-2004 гг. – Павлодар қаласы жер ресурстары басқармасының бас сарапшысы, Павлодар қ.
2004-2008 гг. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Павлодар облысы бойынша Жер ресурстарын басқару басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Павлодар қ.
2008-2012 гг. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясыныңң бас маманы, Павлодар қ.
2012-2013 гг. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бас маманы, Павлодар қ.
2013-2015 гг. – ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы бөлімінің басшысы, Павлодар қ
2015-2017 гг. – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық бақылауын мемлекеттік бақылау басқармасы бас сарапшысы, Астана қ.
2018-2024 гг. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, Астана қ.
2024 ж. маусымынан бастап осы уақытқа дейін – Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары.