
Тогизбаев Кайрат Абенович 1967 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1993 жылы Ы.Жахаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлерік институтын «Инженер-мелиоратор» мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерді үйлестіру және жер кадастры бойынша инженер» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы «Болашақ» университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
1993-2002 жж. – «Казгипрозем» институты Қызылорда филиалының, инженер-жерге орналастырушы, II-санаттағы инженер жерге-орналастырушы, I-санаттағы инженер жерге-орналастырушы.
2002-2003 жж. – «Казгипрозем» институты Қызылорда филиалының Жобалау бөлімінің бастығы.
2003-2004 жж. – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жер комитетінің төрағасы - жер ресурстарын мемлекеттік бақылау жөніндегі бас инспектор.
2004-2009 жж. – Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары.
2009-2011 жж. – Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының «ҚызылордаАгроСервис» МКК директоры.
2011-2012 жж. – Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
2012-2014 жж. – Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекцисының бас маманы-мемлекеттік инспектор.
2014-2015 жж. – Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары.
2015-2022 жж. – «Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы-жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор.
2022 ж. – АШМ-нің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы-бас мемлекеттік инспектор.
2022-2024 жж. – АШМ-нің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы-бас мемлекеттік инспектор.
2024 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры.