
1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының "Агрохимия және топырақтану" мамандығын бітіріп, «Ғалым-агроном» біліктілігін алды.
2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру» мамандығын бітіріп «Инженер-жерге орналастырушы» біліктілігін алды.
1998 ж. – «МемжерҒӨО» Батыс Қазақстан филиалы, Жер жұмыстары бөлімінің инженері.
1998 – 2013 жж. – «МемжерҒӨО» Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының, инженер топырақтанушысы, бірінші қатардағы инженері, басқарушы инженері, жер-кадастр секторының бастығы, қалалық бөлімінің бастығы жер кадастрын жүргізу бөлімінің бастығы.
2013-2017 жж. – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.
2017-2019 жж. – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, жер кадастры бөлімінің бастығы.
2019-2021 жж. – «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
2021-2024 жж. – «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
2024 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.