Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Әбдіхалықов Темірбек Әбдібекұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтобе облысы бойынша филиалының директоры
Общая информация, образование

1959 жылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

1982 жылы Ақтөбе ауылшаруашылық техникумын «механик-техник» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1991 жылы Алматы қаласының халық шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2000 жылы «Әділет» жоғары заң мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Карьера

1976-1977 жж. – Ақтөбе тәжірибе станциясының жұмысшысы.

1977-1979 жж. – Кеңес әскері қатарында қызмет ету.

1979-1987 жж. – Ақтөбе тәжірибе станциясының, жүргізушісі.

1987-1993 жж. – Халық депутаттарының Благодар ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы.

1993-1995 жж. - Благодар ауылдық әкімшілігінің басшысы.

1995-1997 жж. – Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу бойынша басқарма басшысының орынбасары

1997-2003 жж. – Жылжымайтын мүлік орталығы мемлекеттік кәсіпорны басшысының бірінші орынбасары.

2003-2015 жж. – ҚР Әділет министрлігінің «Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» комитетінің, Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директоры.

2015 ж. – ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының директорының міндетін атқарушы 

2016 ж. – ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының директоры 

2016 ж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлік орталығы» департаментінің директоры.

2017-2018 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры.

2018 ж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры.

2018-2023 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.

2024 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге  зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе облысы бойынша филиалының Директоры.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы