
1993 жылы 26 тамызда Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында туған.
2015 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы «Алға қалалық әкімі аппараты» ММ жастар практикасы бойынша бастаған.
2016-2021 жж. – «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы.
2021-2022 жж. – «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің бас маманы.
2022-2023 жж. – «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің басшысы.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысының орынбасары - Ақтөбе облысының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.