
1982 жылы 11 қазанда Ресей Федерациясы Омбы облысы Исилькуль ауданының Комсомол ауылында дүниеге келген. Екi жоғары бiлiмi бар: 2004 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн заңгер мамандығы бойынша; 2014 жылы Қазақ-инженерлiк-техникалық академиясын жерге орналастырушы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы № 2 Петропавл қалалық учаскесiнiң сот орындаушысы ретiнде бастаған.
2006-2012жж. «ҚР ӨДМ ЖРБК СҚО бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ бас маманы.
2012-2015жж. «ҚР ӨДМ ЖРБК СҚО бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
2021-2022 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
2022 жылдың 1 наурызынан бастап «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысының орынбасары – мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.