Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Sin Yuan Steel» ЖШС-ның Шымкент полициясының заңсыз әрекеттері туралы хабарламасы жарияланды.

Инвестордың уәждерін тексеру мақсатында Шымкент қаласының инвестициялық прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі